Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

16 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Андерс Брейвик өз ісіне өкінетінін айтты


2011 жылы Норвегияда екі террорлық акт ұйымдастырған норвег терроршысы істеген ісіне өкінетінін алғаш рет айтты, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы Брейвик өзі отырған Шиен түрмесінің әкімшілігіне жазған хатында да, оған шақырылған психиатрға да айтқан.

- 2011 жылдың 22 шілдесінде істеген әрекетіме өкінемін және мүмкін болса ол оқиғаның орын алуына жол бермес едім, - дейді ол жазған хатында.

2017 жылдың наурыз айында Аппеляциялық сот түрмеде қылмыскердің құқығына нұқсан келтіріп жатқанын мойындаудан бас тартқан. Міне, осыдан кейін Брейвик өзінің өкінетінін айтып, түзу жолға түскісі келетін ниетін білдірді. Еуропалық адам құқығы бойынша сотта өз ісін қайта қаратпақ болып жүрген терроршы жаңа өмір бастап, нацистік идеалогиядан бас тартатынын айтуда. Бұл үшін ол өз есімін ауыстыруға дейін барған. Брейвиктің құжаттарында оның аты ресми түрде Фьотольф Хансен деп өзгертілгені былтыр белгілі болды.

Дегенмен мамандардың айтуынша, ол осы күнге дейін эмпатиялық белгілер танытып, өз қылмысының алған ауқымын, құрбандарына келтірілген зардаптарды түсіне қоймаған. Өзінің қылықтарына өзгеше сылтаулар тауып, тіпті бостандыққа шыққанда не істейтінін де жоспарлап жүрген көрінеді. Ол мұны түрмеде өмірінің соңына дейін отыратынын түсінсе де істеп отыр. Брейвиктің 2012 жылы өткен алғашқы сотында "норвег қырағысы" көбірек адам өлтіре алмағанына өкінетінін айтұан болатын.

- Оның мәлімдемелеріне сенетіндей себеп көріп тұрғаным жоқ. Мұның барлығы Брейвиктің айналсоқтығы ғана. Ол осыған дейін де терроршы жеңіске жету үшін, тәсілге жүгінетінін айтқан, - дейді сот психиатры Хеннинг Вэрей.

 

Американдық мамандар Кубадағы АҚШ дипломаттарының милары зақымданын анықтады


Дипломаттардың милары травматикалық зақым алған, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Науқастар бастарының ауыратындарын, көздері көрмей және естімей бара жатқандарын, ұйқылары бұзылып, психикалық ауытқуға ұшырап жүргендерін айтып шағымданған. Болжам бойынша олар ми клеткалары жүйесінен зақым алуы мүмкін.

Пенсильвания университетінің сарапшылары мұндай зақымдардың ЖКО және жарылыс кезінде алғанмен бірдей деп отыр. Бірақ мұның салдары қатты дыбыс шығаратын құралмен емес, акустикалық шабуылмен "ушықтырылған" болуы мүмкін.

Вашингтонның пікірінше 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың тамызына дейін Гаванада акустикалық шабуылдар жасалып тұрған. Куба билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Мұнымен қоса ФТБ мұндай шабуылдардың дәлелін таба алмаған.

 

Қытай Жаңа жыл мерекесіне дайындалуда


Пекин, Шанхай, Гуанчжоу, Ханчжоу, Харбин және өзге де қалаларда Ай күнтізбесі бойынша келетін Жаңа жылға дайындалуда, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Көптеген шығыс елдері Жаңа жылдың келуін Ай күнтізбесімен есептейді. 2018 жылы айдың екінші рет тууы 16 ақпан күні орын алады. Осы уақыттан бастап Сары Ит өз құқығына ие болады.

 

Пхенчхандағы норовируске шалдыққандар 244 адамға жетті

life.ru хабарлағандай, 56 адам әлі карантинде жатыр.

Зерттеушілердің айтуынша, Хоребтегі Жастар орталығында тағам дайындау кезінде норовируспен уланған су қолданылған.

 

Дженнифер Энистон ажыраспақ


 

"Достар" сериалында Рэйчел Гриннің рөлін сомдаған танымал голливуд жұлдызы Дженнифер Энистон мен оның күйеуі, актер және сценарист, "Темір адам 2" фильміне түскен Джастин Теру ажырасатын болды, деп хабарлайды TMZ.

- Біз жолымыз түспегенін түсінген жақсы достармыз, бірақ бұл достастығымызды жалғастыра береміз, - дейді әртістер.

Джастин мен Дженнифер 2012 жылы неке құрып, үш жыл бұрын астыртын үйленген.

Олардың айрылысатыны туралы сыбыс былтыр шыққан еді. Ол кезде Энистон күйеуінің ұялы телефонынан интимді әңгіме анықтаған. Джастин Теру ол кезде 28 жастағы Эмили Мидпен араласып жүрді. Сол аралықта Дженнифер Эннистонның бұрынғы күйеуі Брэд Питтпен араласа бастағаны аян болған.

 
Следующая →