Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауыл әкімі полигонға қоқыс төгуге заңсыз рұқсат берген

Ауыл тұрғынына кеңшар кезінен қалған ескі құбырларды қолдануға да білместікпен рұқсат берген

Глубокое ауданының Фрунзе ауылдық округ әкімі екі бірдей қателік жіберіп, қатаң сөгіс алды.

Винное ауылының тұрғыны әкімге келіп бос жатқан ескі-құсқы құбырларды пайдалануға алғысы келетінін айтып, рұқсат сұраған. Ал әкім рұқсатын берген.

- Бұл құбыр жиырма жыл бұрынғы Фрунзе кеңшарына тиесілі болатын. Алайда қазір кеңшар жоқ. Ешкімге де тиесілі емес. Иесін таппаған соң, сұрап келген тұрғынға оны алуына болатындығын айттым. Алайда 30 метр бөлігін ауыл тұрғындарына беруін өтіндім. Еріген су осы құбырмен ақсын деп ойладым, - деп ақталды ауыл әкімі Базарбек Жаңабаев.

Әкімнің ойы дұрыс болғанымен, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мұнда бір ағаттықтың бар екендігін жеткізді. Ол - құбыр иесін нақты анықтамауы. Егер аяқ астынан иесі шыға қалар болса, онда әкімге қатысты іс қозғалуы да мүмкін.

Одан бөлек, ауыл әкімі "ОблШығысЖол" ЖШС шеберлеріне ауыл маңындағы полигонға томар, бөрене сынды ағаш қалдықтарын төгуге де рұқсат берген. Полигонға қарай екі-үш жүк көлігінің бағытталып бара жатқанын көрген тұрғындар оларды тоқтатып, қоқысты төктірмей қойған.

Следующая →