Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Тайвандағы жер сілкінісінен тоғыз адам қаза тапты
Тайвандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны тоғыз адамға өсті. Тағы 265 адам зардап шегіп, 62 адам іс түссіз жоғалғандардың қатарына кірді, деп хабарлайды РОСБАЛТ.Пентагон Ауғанстан бойынша барлау деректерін Ресеймен бөліспек
Ауғанстандағы НАТО әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хекер Пентагонның Ауғанстан бойынша барлау деректерін Иран, РФ және Пәкістан елдерімен айырбастай алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Корреспондент.net.- Пәкістан, Иран және Ресей елдерімен ортақ ұстаным таба аламыз ба деген үміт бар. Олар да көптеген есірткілердің осы елдерге келетінін біледі. Иран Ауғанстаннан келетін ауызсуға қарап отыр. Сондықтан бұл ортақ мүдделер, - дейді Хекер.
- Президент (Дональд Трамп) айтып өткендей, өңірлік елдер терроршыларға қолдау көрсетпесін деп қысым көрсетеміз. Бірақ, егер көмектескісі келсе біз бірге жұмыс істеуге дайынбыз және терроршылар желісінен құтылу үшін барлау ақпараттарымен бөлісеміз, - дейді Пентагон өкілі.
Венесуэла билігі оппозициямен келісім жобасына қол қойды
Венесуэла басшысы Николас Мадуро ел оппозициясымен бейбіт өмір сүру туралы жобаға қол қойды. Бұл туралы «Венесуэлалық жаңалықтар агенттігі» хабарлады.- Қолымда біздің делегация қол қойған келісім бар. Байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригеске оны жариялау туралы бұйрық бердім. Бұл келісімге қолымды қойып, оны толық ұстанатын боламын, - деді Мадуро.
Собчак Дональд Трампқа кеңес беруге дайын
Ресей президенті қызметіне үміткер Ксения Собчак Дональд Трампқа кеңес беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА ФАН.- Президенттің кеңестерін қажет етпеймін. Одан да өзім кеңес айтамын, - деп жауап берді Ксения Собчак.