Алматы тұрғыны бүйрегін сатып, көз жұмды
Өзінің несиесін жауып, көлік сатып алмақ болған ол заңға қайшы ота жасатқан
31 жастағы алматылық тексеруден өтіп, қаралы диагноздан хабардар болған, деп хабарлайды Tengrinews сайты. Оның бүйрек қызметі бұзылған. Ол бұған сене алмай тек Қазақстаннан емес, Сеулге де барып тексерілген. Бірақ қай жерге бармасын диагноз расталып отырды. Ол ауруханадан гемодиализ үрдісінен өтіп, ағзасын зиянды қалдықтардан тазартып отырған.
Нәтижесінде ол ерікті донордан заңсыз түрде бүйрек сатып алуды ойлайды. Сырқат донорды ғаламтордан іздеп табады. Мүшесін сатпақ болған адам несиесін жауып, көлік сатып алу үшін ақша керектігін айтқан. Сатып алушы мен сатушы 10 мың долларға (3,2 млн теңге) келіскен.
Өзін алыс ағайыны деп таныстырған донор ауруханаға жатып, дәрігерлер ауыр ота жасайды. Өкінішке орай бірнеше аптадан соң донор өзін жайсыз сезініп, жуық арада көз жұмды.
Алмалы аудандық соты сатып алушыны ҚР ҚК 116-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ ол амнистияға түсіп, сот залында бостандыққа жіберілді.
Следующая →