Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

12 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Brexit идеологы жаңа референдумге қол жеткізбек Ұлыбритания Тәуелсіздік партиясының экс төрағасы, Brexit-ті қолдаушы Нейджел Фарадж екінші референдумге қол жеткізбек, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Channel 5 эфирінде саясаткер ЕО бірлігін жақтаушыларға, яғни, экс-премьер Тони Блэрге наразылығын білдірді. Фарадж Ұлыбританияда жаңа плебисцит ұйымдастыруға шақырды. Оның пайымдауынша, бұл «британдықтардың ЕО мүшелігінен шығу ниетін нақтылау үшін» қажет. - Екінші референдум барысында Brexit-ті жақтаушылардың саны артық болады. Мұны осымен аяқтаймыз, - дейді ұлтшыл. Ұлыбританияның бірегей Еуропадан шығу референдумы 2016 жылдың 23 маусымында өткен. Қатысушылардың басым бөлігі Brexit-ті қолдаған. Ресей президенті КХДР жетекшісін сауатты саясаткер деп атады Владимир Путин ядролық заряд пен жаңа зымыранға қол жеткізген Ким Чен Ынның өз еліне үлес қосқанын айтты. Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын қарсылықтың бұл кезеңінде жеңімпаз болып шықты, деп мәлімдейді РФ президенті Владимир Путин Корей түбегіндегі жағдайдға пікір айта отырып. Бұл туралы ол 11 қаңтар күні өткен ресейлік БАҚ баспасының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Корреспондент.net. Оның айтуынша, ендік солтүстіккореялық жетекші «жағдайды тазалап, түзетіп, тыныштыққа әкелуді» көздейді. - Өте сауатты және зерек саясаткер, - дейді Путин. Пентагон ауқымды кибершабуылдың бетін қайтармақ Мұндай мәлімдемені АҚШ Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық қорғаныс жүйесі басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Алан Линн жариялады, деп хабарлайды life.ru. - Біз Ғаламтор байланысының нүктесіне 600 гигабайттық, ерекше және түрлі шабуылдарға ұшыраудамыз. Бұл біз бұрын ескермеген шабуылдар, - дейді Линн. Оның айтуынша, Пентагон 3,2 миллион қолданушысы бар өзінің жүйесіне қарсы шабуылдардың барлығына төтеп бере алады. Линн айтып өткендей, мекемеде бұл шабуылды «жақындап қалған «өлім терабайты» деп атаған. АҚШ қытайлық ғарыш бағдарламасының сәттілігіне алаңадушылық білдіруде Ғарыш технологиясына байланысты зерттеу және өндіріс жұмыстарына инвестицияны өсірген Қытайға америка бейжай қарай алмайды. Мұндай пікірді мамандар АҚШ Өкілдер палатасы комитетінің қарулы күштер бойынша отырысында айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Конгрессмен Дуг Ламборнның айтуынша Қытайдың жер серігін дайындау қарқыны «қауіп төндірерліктей өсіп келеді. Соңғы екі жыл ішінде ҚХР зауыттарында 40 ғарыш аппараттары дайындалған. Азия зерттеу орталығының маманы Дин Ченгтың айтуынша, Пекин арзан жер серіктерін дайындауда. Нәтижесінде Нигерия, Боливия және Венесуэла сынды елдер қытайлық аппараттарды арзан бағамен сатып ала алады. Бұл американдық Boeing компаниясына өзіндік кеселін туғызады.
Следующая →