Ер адам зейнеткердің смартфонын ұрлап кеткен
Қаскүнем үйде ешкім болмаған кезде, бөлмеден қымбат гаджетті алып кеткен
62 жастағы облыс орталығының тұрғыны полициядан көмек сұраған.
Әйел көршісіне қонаққа кеткенде, үй есігі 20 минутқа ашық қалған. Қайтып келгенде үйден белгісіз адам шығып, үймен қателесіп кеткенін айтқан.
Қала тұрғыны белгісіз қонақтың келгеніне мән бермеген. Себебі үйдегі заттардың барлығы орнында тұрғандай көрінді. Тек уақыт өте келе телефон шалу керек болғанда, телефонын таппай қалған.
Полиция 53 жастағы қаскүнемді ізін суытпай ұстаған. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында ер адамның осыған дейін дәл осылай үш реті істі болғаны анықталды.
Өскемен қалалық ІІБ Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188 бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық өндіріс ашылды.
Следующая →