14 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзгекті жаңалықтарға шолу жасады
Эквадор вице-президенті Хорхе Глас алты жылға түрмеге жабылды
Саясаткер заңсыз баю үшін қылмыстық қауымдастық құрды деген айыппен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ТАСС.
Сәрсенбі күні «Комерсио» газетінде жарияланғандай, үкімді сот Эдгар Флорес Миер оқыған.
Бұл іс бразилиялық Odebrecht құрылыс компаниясында құрылған жемқорлық кестесімен байланысты.
Сот эквадор үкіметімен келісімшарт орнатуға көмектескен Глас компаниядан пара алғанын дәлелді деп тапты. Бұл қаражат Маршалл аралдарындағы офшорлық аймақта тіркелген бөтен компанияның есепшотына өтіпті-мыс. Бұл іс бойынша тағы 12 адамға айып тағылған. Олардың ішінде вице-президенттің ағасы Рикрдо Рибере бар. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қылмыстық кестеде Рибера Гластың сенімді адамы ретінде танылған.
Аталған қылмыстық үрдіс бойынша Эквадор вице-президенті 2 қазаннан бері қамауда болған. Бұдан кейін ол өзінің қызметінен босатылған.
Саясаткер өзінің кінәсіз екенін бірнеше мәрте жариялаған. Оның атына жемқорлыққа қатысты тағы үш іс ашылған.
Әртіс Олег Табаковтың халі жақсарып келеді
КСРО халық әртісі Олег Табаков аяғына тұрды. Бұл туралы «Комсомол шындығы» газеті жазуда.
- Олег Павелұлы палатада өзі жүріп, бұлшықеттерін қалпына келтіруде, - дейді театрда.
Журналистермен тілдескендердің айтуынша, өкпесі ісіген әртісті халы жақсарып келеді.
- Қатерлі дағдарыс артта қалды. Енді тіс мәселесін шешу керек, - дейді театрда.
Естеріңізге саламыз, әртіс 27 қараша күні ауруханаға жатқызылған.
АҚШ-та трансгендер жынысы жоқ бала тапты
Висконсин штатында трансгендер «гендерлі бейтарап» баланы дүниеге әкелді. Бұрын әйел болған, енді ер кейпіндегі азамат баласының жынысы жоқ деп тапты, деп хабарлайды VistaNews.ru.
Гендерлік бейтарап бала тарихы дүниеге әкелген әкесінен бастау алады. Кэйси Салливанның айтуынша, әйел кейпіндегі өмірі сәтсіз, әрі сәнсіз өткен. Бұл туралы ол алғаш 19 жасында күйеуге шыққанда ойлана бастаған. Трансгендер тіпті дүниеге бала әкеліп, кейін оның алдында өзін кінәлі сезінген көрінеді.
Біраз уақыттан соң Кэйси күйзеліске ұшырап, ішімдікке салынған. Күйеуі үйінен кетіп қалып, Кэйси өзінің жынысын ауыстырған. Енді екінші баласын дүниеге әкеліп отырған Кэйси Салливан өзінің жұбайымен бірге баланың жынысы жоқ екенін айтып отыр. Ол өскен соң бұл сұрақтың жауабын өзі анықтап алады. Баланың атын Феникс қойған, салмағы 3,8 кг.
Вьетнамдық соғыстың біткенін білмегендіктен орманда 40 жыл өмір сүрген
Оңтүстік Вьетнам армиясының ардагері болған Хо Ван Тхань өзінің ұлымен бірге Куанг Нгай провинциясындағы ауылдан 1971 жылы қашып кеткен, деп хабарлайды life.ru.
Американдық бомба жарылысынан әйелі мен екі қарындасы қаза тапқан соң 85 жасқа келген Хо Ван Тхань жергілікті мекенді тастап қашқан. Содан бері ол ұлымен бірге адамдардан жасырынып жүрген.
Әкесі мен ұлы ағашта өмір сүріп жүрген. Киім ретінде қабықтарды пайдаланған. Жергілікті адамдар оларды тек 2013 жылы анықтаған. Қазір олар біртіндеп адамдар ортасына үйреніп келеді. Қазір олар үйреніп кеткен джунглиге жақын маңдағы үйде тұрып жатыр.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Судебная система в Эквадоре Борьба с коррупцией в мире Олег Табаков Стрельба в США Правоохранительные органы США Трансгендер Война во Вьетнаме