Робби Уильямс ми патологиясына байланысты Ресейге бармады
Атақты британдық әртіс өзіне қойылған диагнозға байланысты күзге жоспарланған турларының басым бөлігінен бас тартты
Музыкант жайсыздықты 2 қазан күні сезіне бастаған, деп хабарлайды Росбалт сайты.
- Сол қолым жансызданып, сілекейім тоқтамай қойды. Басым ауырып, тынысым тарыла бастады. Мен дұрыс тыныс ала алмадым, - дейді ол.
Бұдан кейін Робби Уильямс Лондонға барып, толық тексеруден өткен. Дәрігерлер оның миынан «қанға ұқсас нәрсе» анықталғанын айтады. Нәтижесінде әнші белсенді терапия бөлмесіне жатқызылған. Бір аптадан соң ол ауруханадан шығып, екі ай бойы Лос-Анджелестегі үйінде қалпына келген.
Следующая →