8 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея қаңтар айында үш жақты саммит өткізеді
Бұл туралы жұма күні Жапонияның «Никкэй» жетекші іскер газеті хабарлады, дейді ТАСС.
Алғашында бұл келіссөздерді желтоқсан айының соңында өткізу жоспарланған. Алайда қабылдаушы ел ретінде Жапония бұл мерзімнің ыңғайсыз болатынын ескертті. Басылым ақпаратынша, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ тиісті мекемелерге үшжақты келіссөзді 2018 жылдың қаңтарында өткізуге дайындалуды талап еткен. Мұндай асығыстық солтүстіккорея мәселесі бойынша Пекин мен Сеул ұстанымын бекітуге негізделіп отыр.
Мұндай саммит осыған дейін 2015 жылы Сеулде өткен. Мұндай кездесуде Пекин ҚХР Мемлекеттік кеңес премьерін өкіл етеді. Жоспар бойынша мұндай кездесу былтыр да өту керек болатын. Алайда Корея Республикасындағы саяси келеңсіздікке байланысты кейінге шегерілді.
Айта кету керек мұндай үшжақты кездесу 2008 жылдан бері ұйымдастырылым келеді. Осы күнге дейін алты кездесу өтті.
АҚШ: ядролық қарусыздандыру жүрмейінше КХДР-мен тікелей келіссөзге келу мүмкін емес
Пхеньян ядролық қарудан бас тарту үрдісін бастағанда ғана АҚШ КХДР-мен тікелей келіссөзге келуге дайын. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт мәлімдеді, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
- КХДР келіссөзге деген түк қызығушылық тудырып отырған жоқ, - дейді ол.
Ресейлік аниматор квестке қатысушының қолын кесіп тастай жаздады
Келушілерді қорқытумен шектелуге тиісті ер адам өз күшін есептемей, 22 жастағы жас адамды жарақаттай жаздады. Краснодар қаласында кевестке қатысушының қолы циркулярлы арамен сүйегіне дейін кесілді. Оқиға 22 қараша күні орын алды.
- Квест аниматоры сценарий бойынша, адамдарды арамен қорқыту керек болған. Мұны орындау барысында 22 жастағы адамды абайсыз жарақаттады. Оның қолы сүйегіне дейін кесілген, - деп хабарлайды Краснодар ауданы боайынша тергеу басқармасының баспасөз қызметі.
Қанға боялған қонақ бірден ауруханаға жеткізілді. Жас адамның денсаулығына орта деңгейде залал келтірілген.
Енді тек аниматор емес, оны ұйымдастырушы да жазаланады. «Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсеткені үшін» олар алты жылға түрмеге жабылуы мүмкін.
Rolling Stone 2017 жылдың ең нашар фильмдердің тізімін шығарды
Ең нашар фильмдердің біріншілігін «Трансформеры» франшизасының «Соңғы рыцарь» алды. Фильмді Майкл Бэй түсірген, деп хабарлайды РИА «Новости». Сыншылар фильмді «киносага түбі» деп атады. Олардың айтуынша картинаға «адам қолы тимегендей» көрінеді.
Екінші орынды Николай Асель түсірген Стивен Кинг кітабының желісімен түсірілген «Қара мұнара» фильмі алды.
- Фильм Кинг сценарийінің керемет жерлерін жіберіп алған, - дейді журналистер.
Үшінші орынды Джеймс Фоулидің «Елу есе күңгірт» фильмі алды. Сыншылар фильм сиквелін «садистік деңгейге дейін іш пыстырарлық» деп атады.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Ситуация на корейском полуострове Запуск ракет в КНДР Мировой кинопрокат