Бразилияда босқындарға байланысты төтенше жағдай орнады
Босқындарға Бразилияға Венесуэладан босып келіп жатыр
Венесуэлада экономикалық дағдарыс орнап, талай тұрғын жұмыссыз, қаңғырып қалды. Өзге елде қандай да бір жұмыс тауып, табыс құрауды қалаған иммигранттар Бразилияға ағыла бастаған. Соған байланысты Бразилия шекарадағы күзетті күшейтіп, төтенше жағдай жариялады.
Күзет үш айға дейін жалғаспақ. Бұл уақыт арасында жергілікті билік мигранттар ағынын азайту жоспарын ойластырмақ.
Былтыр Бразилияға көшіп келгісі келетін 12 мыңнан астам венесуэлалық азамат өтініш қалдырып, баспана сұраған. Ал баспана сұраушылардың саны былтырдан бері үш есеге өсіп кеткен.