Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

29 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасайды

Солтүстік Корея белгісіз модельдегі зымыранын ұшырды

Оңтүстік Корея мен АҚШ қарулы күштері штабтары басшыларынан біріккен басшылар комитеті бұл ұшыруды сарапқа салуда, деп хабарлайды Интерфакс.

- Солтүстік Корея бүгін құлқын сәріде Пхенан-Намдо провинциясы, Пхенсон жергілікті мекенінен белгісіз модельдегі баллистикалық зымыранды шығыс бағытында ұшырды, - деп хабарлайды оңтүстіккореялық Уай-Ти-Эн телеарнасы.

Бұл аралықта Жапонияда зымыран қаупі туралы жүйе қосылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Американдық «Фокс-ньюс» телеарнасы өз атын атамаған Пентагон жоғары лауазымды өкілінің бұл ақпаратты растайтынын хабарлады.


Венесула президенті өзін диктатор санамайды

Өзінің қарсыластарымен айтылған диктаторлық туралы әрекетті Николас Мадуро жоққа шығарды, деп хабарлайды ТАСС.

- Біз - құқық пен демократия кепілі, мен - демократиямын, - дейді «Ванселона де телевистон» мемлекет басшысының сөзін келтіре отырып. - Мені және Чавесті диктаторлыққа айыптады. Бірақ біз оның қатарында болғанда жоқпыз, болмаймыз. Себебі біз 20-ғасырда елді басқарған авторитарлы буржуазиялық мемлекеттік қарсы күресушілер қатарынан келдік.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, «буржуазия» Венесуэла халқына қарсы «экономикалық соғысын» жалғастырып келеді.

Ағымдағы жылдың сәуірінен әлеуметтік-экономикалық дағдарысты өткір сезініп келген Венесуэланы оппозиция ұйымдастырған акциялар дүр сілкіндірді. Жоғарғы соттың Мадуро әлеуетін арттырып, парламент қызметін шектеуі жұрттың наразылығын тудырды. Бұл қақтығыс барысында 120 адам қаза тауып, мыңдағаны зардап шекті.


Астралияда эвтаназия заңдастырылуы мүмкін

Виктория штатының депутаттары қатерлі дертке шалдыққан науқастардың өмірін қиятын есірткіні пайдалану құқығын беруге дауыс берді.

Виктория Австралияда эвтаназияны заңдастыратын алғашқы штат атанады, деп хабарлайды life.ru.

Парламенттің екі палатасындағы 100 сағаттық дебат пен түнгі отырыстардан соң, төменгі палата депутаттары қатерлі дертке шалдыққандарға эвтаназия пайдалану құқығын беруге дауыс берді.

Штаттың премьер-министрі Дэниел Эндрюстің әкесі былтыр қайтыс болған. Ол заң жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар үшін саясаткерлер мен денсаулық сақтау министрі Джилл Хеннесиге алғысын білдірді.

- Парламентті және саяси үрдісіміздің орталығына аяушылық орнатқанымызбен мақтана аламын, - деді ол.


2018 жылғы қысқы олимпиада ойындары өтпеуі мүмкін

Оңтүстіккореялық Пхенчхан қаласында өтетін ойын ұйымдастырушылары өңірдегі құс тұмауының белең алуына алаңдауда.

Вирус елдің оңтүстік батысындағы Чонбук провинциясынан анықталған, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Спорт кешендеріне жақын маңда орналасқан фермада 6 мыңға жуық үйректер мен балапандар жойылған.

Олимпиада ұйымдастырушылары фермерлерге барып, қажетті шараларды қолдану үшін 110 мың доллар ұсынған.

Следующая →