Ағылшын азаматы 75 млн долларды далаға «лақтырған»
Британия азаматы 75 млн доллар электронды валюта салынған қатқыл дискіні терезеден байқамай лақтырып жіберген
2013 жылы Ньюпорт қаласының тұрғыны Джеймс Хоуэллс криптовалюта саласында маман болып жұмыс істеп жүрген. Жұмыс жасамай қалған ноутбукты қалдық салатын контейнерге ойланбастап лақтырып жіберген. Тек бірнеше ай өткен соң ғана биткоин-әмиян бағдарламасына кіру үшін электронды кілт керек болғанда ғана есіне түскен. Ал электронды кілт қатқыл дискінің ішінде қалған.
Тұрғын қатқыл дискінің қоқыс күресінінен іздеуге кіріскен. Оның, шамамен, қай жерде жатқанын да біледі. Алайда жаздан бері күресіннің биіктігі бір метрге жоғарылаған.
Ал жергілікті органдар оны күресінге жібермей отыр.