Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

16 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Әлем чемпионаты-2018 іріктеуінен өте алмаған Италия 1 млрд еуродан айрылды Швеция құрамасынан жеңіліп, Ресейде өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатының ақтық бөліміне өте алмаған Италияның шығыны 1 млрд еуроға жетті, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. - Тек жарнамадан, матчтарды жариялау құқығы мен кәдесый сатылымынан кеткен шығынды емес, Ресейге жолдама сатпақ болған туроператорлардың ысырабын, барлар мен букмекерлердің пйдасын да есепке алу керек, - дейді Италия Футбол федерациясының бұрынғы басшысы Франко Карраро. Ф. Карраноның айтуынша, енді Италия құрамасы 2018 жылдың күзіне дейін ресми мачқа қатыса алмайды. Сол кезеңде Еуропа Чемпионаты 2020 іріктеу турнирі басталады. Бұл құрамаға деген қызығушылықты төмендетіп, билеттер мен демеушілік келіссөздердің пайдасын азайтады. «Скуадра Адзурра» демеушілері де зардап шегеді. Bloomberg Intelligence сарапшысы Чен Грацутис айтып өткендей, Puma құрамасының ресми серіктестігі 80-90 доллардан сатылып кеткен 1,5 млн футболкадан 140 млн доллар есептей алмай қалады. Италия құрамасы 1958 жылдан бері алғаш рет Әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Австралия полициясы жолдарды тексеруде Австралия полициясы жүргізушілердің жолда жылдамдықты сақтауын қатаң тексеретін болды. Бұл туралы елдің көлік министрі Даррен Честер мәлімдеді. «Қауіпсіз жылдамдық» акциясы сәрсенбіге қараған түні басталып, 24 сағатқа жалғасатын болады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. - Былтыр Австралия жолдарында 1300 адам қаза тапты. Біз мұның жыл сайын қайталанып тұруына жол бере алмаймыз, - дейді министр. Виктория штатының полиция комиссары орынбасары Дуг Фрайер операция барысында кез келген жүргізушінің тоқтатылатынын ескертті. - Қатты жаңбыр немесе тұман орын алса, жолда 60 км сағатына артық жылдамдықпен жүруге болмайтыны туралы белгі бар. Жүргізуші белгіленген жылдамдықпен қозғалып келе жатса да, полиция қызметкері жылдамдығын азайтуын сұрап тоқтатуы ықтимал, - дейді ол. Зимбабведегі жағдай биткоин бағамын өсірді Зимбабведегі әскери төңкеріс пен республика президенті Роберт Мугабенің орнынан кетуі аясында биткоиннің долларға деген бағамы өсіп кетті, деп хабарлайды The Independent. Зимбабвелік Golix криптовалютасында биржадағы биткоин құны 13,5 мың долларға өсті. Бұл халықаралық нарықтағы бағамнан екі есеге артық. Елдің өз валютасы болмағандықтан Зимбабведе сандық валютаға деген сұраныс өте жоғары. Соңғы айда Golix-тегі биткоин транзакциясының көлемі миллион доллардан асқан. 2016 жылы ол не бары 100 мың доллар болатын. Golix биржасы 2014 жылдан бері қызмет етеді және мемлекетпен қадағаланбайды. Айта кету керек, Зимбабведе созылмалы қаржылық дағдарыс жалғасып келеді. Ұлттық валюта гиперинфляция салдарынан айналымнаны шығып қалған соң, 2009 жылдан бері американдық доллар қолданылып келеді. Содан бері доллардан басқа оңтүстікафрикалық ренд пен қытайлық юаньға дейін елді торуылдап кеткен. Брююселдегі жаппай тәртіпсіздікте 16 адам қамауға алынды Бельгия астанасы Брюссельде полициямен жаппай қақтығыс орын алып, 16 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Le Soir. Алдын ала деректер бойынша, жастарды жаппай тәртіпсіздікке шақырған адам француз тумасы, атақты блогер Vargasss92 көрінеді. Қақтығыс Брюссель орталығындағы бельгиялық федералды опера алаңы де ла Моннеде орын алған. Жүздеген адамдар автокөліктерге зиян келтіріп, метро станциясын жауып тастаған. Бельгия ішкі істер министрі Ян Джамбон қақтығысты сынға алып, тәртіп сақтау үшін полицияның бар шараларға жүгінетінін мәлімдеді. Мексикада 88 турист құтқарылды Мексика жағалауында 88 турист пен 7 экипаж мүшелері отырған катамаран батып кете жаздады. Оқиға Кинтана-Роо штатындағы Косумель аралынан 1,5 шақырым жерде орын алған. Машина бөліміне су кіріп, кеменің қозғалтқышы орналасқан бөліміне су толып кеткен. Туристер қыдыру кемесінен көшіріліп, нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Следующая →