Американдық әскерилер президенттің ядролық бомбаны жіберу туралы бұйрығын орындамай қоюы мүмкін
Қарсыластарына ядролық соққы беру туралы президент бұйрығын алған американдық әскерилер бұл әрекеттің заңдылығына күмән келтірсе, бұйрықты орындаудан бас тарта алады. Бұл туралы tengrinews.kz сайты The Guardian-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды
АҚШ Қарулы күштері Стратегиялық басшылығының бұрынғы басшысы Роберт Келер халықаралық қатынастар бойынша комитет отырысында «әскери қызметкерлер президенттің тек заңды бұйрығын орындауға тиісті» екенін айтты. Бұйрықтың заңдылығына күмән келсе, бұйрықты орындаудан бас тартып, елбасы мен бас қолбасшы әрекетінің салмақты, әрі саналы болғанын кеңесшілерінен сұрай алады.
Бұл сөздерлі Дбюк университетінің политология профессоры Питер Фивер де растайды. Оның айтуынша, ядролық соққы беру туралы бұйрық тек құқықтық сараптамадан өтіп қоймай, әскери қызметкерлер мен қорғаныс министрлігінің бұйрығын алуы керек. Осылайша президент өзі жалғыз ядролық соғыс ашу шешімінен айрылады.
Мұндай жаңалықты сенаторлар қуана қабылдады. Себебі, барлығы АҚШ пен ҚХДР қарсылығына, президент Донаьлд Трамптың тұрақсыз және албырт саясатына алаңдауда.
Следующая →