Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

15 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Калифорниядағы атыстан бес адам қаза тапты

Жер үйде басталған атыс Техама округіндегі бастауыш мектеп шекарасында жалғасқан, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі шериф көмекшісі Фил Джонстонға сілтеме жасай отырып.

Fox News телеарнасының деректері бойынша, қаза тапқан бес адамның ішінде екі бала болған. Жараланғандар арасында да балалар бар.

Ассошиэйтед пресс агенттігі болса, барлығы ауруханаларға жеткізілгенін және бір ауруханада кәмелет жасқа толмаған үш баланың жатқанын мәлімдейді.

Ф. Джонсон айтып өткендей, қылмыскер «алды артына қарамай оқ жаудыра берген». Сонымен қатар атыс жеті жерде жалғасқанын, құрбандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады.

Тергеушілер жартылай автоматты мылтық пен екі тапанша анықтаған. Қылмыскер полицияның қолынан қаза тапқан.

Британдық арнайы қызметкерлер телекоммуникацияға жасалған шабуылды орыс хакерлері деп отыр

Өткен жылы ресейлік хакерлер британдық БАҚ-қа, телекоммуникация жүйесіне, елдің энергетикалық секторына бірнеше рет шабуыл жасаған. Мұндай деректерді Орталық үкіметтік байланыс құрамына кіретін Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығының басшысы Киаран Мартин жариялады.

- Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы британдық БАҚ-қа, энергетикалық және коммуникациялық секторларға ресейлік хакерлердің бірнеше мәрте шабуыл жасағанын тіркеген. Мен мұны нақтылай аламын, - дейді шенеунік.

Мартин өз жұмыстарының қорытындысы туралы сәрсенбі күні Лондонда өтетін шара барысында тиянақты айтады.

Дүйсенбі күні Біріккен Корольдік премьер-министрі Тереза Мэй сыртқы саясат сұрақтарына қатысты баяндама оқып, Ресейді халықаралық ережелер жүйесін бұзғысы келетін басты ел деп атаған.

Неміс әуежайында қапшыққа салынған жарылғыш зат анықталды

Қойма мекемесіне жарылғыш заттар анықталған соң, Ганновер әуежайы уақытша жабылып қалды, деп хабарлайды The Independent.

Жарылғыш затты қауіпсіздік қызметінің мамандары анықтаған. Біраз уақыттан соң полиция қызметкерлері затты жарып жіберді.

Әуежай жұмысын жалғастырды.

Зимбабведе әскерилер мемлекеттік телеарнаны басып алды

Әскери бөлімдерден ел астанасы Харареге бронды техникалар қозғала бастады. Зимбабве армиясының әскери қызметкерлері мемлекеттік ZBC телекомпаниясының мекемесін басып алған, деп хабарлайды Nehanda радиостанциясы.

Әскерилер мекемеге кіріп-шыққан адамдарды тексеруде. Бірнеше ZBC қызметкерлері әскерилерден соққы алған.

ZBC арнасынан көрсетілетін жаңалықтар шығарылымы тоқтатылып, оның орнына әуендер қойылған.

Бұған дейін Зимбабве билігі Хараре қаласындағы басты үкіметтік нысандарды әскери күзетке алған.

Қараша айының басында 93 жастағы Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің орынбасары Эммерсон Мнангагваны жұмыстан қуған болатын. Мнангагва мемлекет басшысының мұрагері деп есептеліп, әскерилерден қолдау алып келген.

Швейцария аукционында алып гауһар тас рекордтық сомаға сатылды

Женевадағы Christieʼs аукционында салмағы 163,4 каратқа жететін гауһар тас 34 миллион долларға сатылды.

ТАСС агенттігі хабарлағандай, былтыр Анголада табылған таспен 14 зергердер тұратын команда үш апта бойы жұмыс істеген.

 

Следующая →