Ресей билігі SIM-картаны тұлға идентификаторы етпек
РФ мемлекеттік думасы SIM-картаны азаматтың жеке идентификаторы ету туралы заң жобасын қарауды бастамақ
Бұл «Байланыс туралы», «Банк және банк қызметі туралы» сынды заңдарға өзгеріс енгізу арқылы жүзеге асырылмақ.
РФ мемлекеттік думасының қаржы нарығы бойынша комитеті төрағасы Анатолий Аксаковтың айтуынша, мұндай жобаны жүзеге асыру үшін SIM-карта мемлекеттік тізілімін ұйымдастырып, алаяқтықтан ада болу үшін оған қатаң бақылау жасау керек.
- Қазір сатылатын SIM-карталарда еш бақылау жоқ. Егер оны қаталдандырса SIM-карталар тұлғалардың идентификаторы бола алады. Мұндай жағдайда тұлғаны сәйкестендіретін негізгі құжатты бірге алып жүру керек болады. SIM-карталар бойынша кейін несие алуға болады, - дейді А. Аксаков.