Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Ресейдің Қорғаныс министрі АҚШ-ты Сириядағы лаңкестерді қолдады деп айыптап отыр

Ресей Қорғаныс министрлігі Америка билігінің Сириядағы лаңкестер топталған аймаққа бомба тастаудан бас тартты, есесіне, Ресейдің бұл іске араласуына кедергі келтірді дейді.

РФ Қорғаныс министрлігі АҚШ-ты Сириядағы Ислам мемлекетін (Қазақстанда тыйым салынған) қолдады деп айыптап отыр. Ведомстваның айтуынша, АҚШ Қарулы Күштері Әбу-Кемал қаласын лаңкестерден азат ету кезінде ешқандай әрекет қолданбады, ал сирия әскері қаланы азат етуге бір өзі аттанды дейді. Сирия әскері қаланы басып алып, лаңкестерді қуып шыққан кезде, қаладан топ-тобымен қашқан террористерге бомба тастаудан бас тартқан АҚШ билігі мұны «олардың өз еркімен тұтқынға берілуімен» түсіндірген.

- Америкалықтар Ислам Мемлекетінің* лаңкестеріне шабуыл жасаудан бірден бас тартты. Мұны қарақшылардың тұтқынға өз еркімен берілгендігімен түсіндірді, - дейді РФ Қорғаныс министрлігі.

Онымен қоймай, АҚШ авиациясы Ресейдің шабуыл жасауына кедергі келтірген.

 

*Ислам Мемлекеті – Қазақстанда тыйым салынған ұйым.


Следующая →