Орал қаласының құтқарушылары қызды суицид жасаудан құтқарып қалды
13 қараша күні құтқарушыларға қоңырау түсіп, белгісіз бір қыздың өз-өзіне суицид жасауға ниетті екендігін жеткізген, делінген Zakon.kz сайтында.
Қыз бала екіқабатты үйдің үстіне шығып алып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар аумақты қоршауға алып, кейін ғимарат төбесіндегі қызбен сөйлеспек болған.
Рустам Губашев есімді құтқарушы жігіт ғимарат төбесіне шығып, тоңып қалған қызға өз күртешесін ұсынған. Алайда қыз бас тартқан. Құтқарушылар қыз баланың өзін құрбан ету ойынан ада ету үшін әртүрлі сауалдар қойып, оның бетін бері қаратуға тырысты.
Сауалдарға жауап беріп, сөзге айналып тұрған сәтте, құтқарушылар қызды ұстап алып, төмен түсірген. Кейін дәрігерлердің қарауына берген.