Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

8 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы қарусыздандырылған өңірге барудан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы қарусыз  өңірге барып-қайтуды жоспарлаған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл ойынан бас тартты, деп хабарлайды ТАСС.

- Президент Трамп тосын сый жасамақ болды – Солтүстік және Оңтүсік Кореяны бөліп тұрған қарудан ада арнайы алаңға барып-қайтпақ болды. Бұл жоспар ауа райының қолайсыздығына байланысты кері шегерілді. Президентке тікұшақпен Сеулге қайтуына тура келді, - дейді американдық жетекшімен жүрген Ақ үй журналистері.

Ақ үй баспасөз қызметкері Сара Сандерс тұманның сейілетініне үміт артқанымен, ауа райы түзеле қоймағанын айтады.

Оның айтуынша, Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Трамппен бірге бармақ болған.

- Бұл қадам екі ел арасындағы альянстың үлкен маңызға ие екенін көрсетеді, - дейді С. Сандерс.

Қамауға алынған 11 сауд ханзадасы жерге төселген матраста ұйықтап жүр

Түрменің орнына Эр-Риядтағы бес жұлдызды қонақ үйге қамалған ханзадалар мен министрлер салтанатты жай-күйлерімен мақтана алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz

Король отбасының мүшелері мен әлемдегі ең бай адамдардың бірі бір бөлмеге қамалып, жерге тасталған матраста, көрпеше жамылып түнеуде. Бір ай бұрын ғана қамалғандардың кейбірі осы қонақ үйде өткен халықаралық инвестиция бойынша конференцияға қатысқан еді.

Естеріңізге саламыз, мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетімен бірігіп, бірнеше сағаттан кейін Сауд Арабиясындағы 11 ханзада мен король Салманның бауыры, миллиардер Аль-Валид қамауға алады. Миллиардер қамауға алына салысымен, оған тиесілі Kingdom Holding Co компаниясының акциялары құлдырап, 1,22 миллиард доллар қаражатынан айрылды.

Forbes көрсеткішіне іліну үшін АҚШ министрі өз жағдайын әлдеқайда жоғары атаған

АҚШ Сауда министрі Уилбур Росс Forbes нұсқасы бойынша миллиардерлер қатарынан кетуі мүмкін.

2015 жылы Росс 3,7 миллиард доллар қаржысының барын айтқан еді. Алайда Дональд Трамп үкіметінде министр қызметіне кірген соң, шынайы қаражатын жариялауға тиісті болған. Ал оның байлығы 700 миллион доллар ғана болып шыққан.

Рост 2 миллиард долларды өз жанұясына қарасты сенімгерлік қорға өткізгенін мәлімдеген. Алайда Forbes редакциясы әлемдегі ең бай адамдардың тізімінен алып тастау туралы шешім шығарды.

Twitter хат жазу бөліміндегі белгілерді екі есеге өсірді

Twitter микроблогтар сервисі рұқсат етілген хат көлемін 280 белгіге дейін өсірді, деп хабарлайды Лента.ру.

Бұл ақпарат Twitter блогында да пайда болды. Бұл мүмкіндік туралы алғаш қыркүйек айында айтылған. Тестілеудің алғашқы кезеңінде қолданушылар белгілер көлемін шектеулі көрсеткішке дейін жеткізген еді. Себебі бұл оларға деген жаңа мүмкіндік болса, кейін жағдай тұрақтала бастады.

- 140 белгіден тұратын хаттар тез жазылады, - дейді сервисті құрушы мамандар.

Биз Стоун айтып өткендей, 280 белгіге мүмкіндік алған қолданушылар лайк, ретвит және фолловерді көптеп жинаған.

Дегенмен Twitter-ді жасаушылар жапон, корей және қытай тіліндегі қолданушыларға 140 белгі сақталатынын айтады. Себебі бұл тілдерде ойды аздаған белгілермен жеткізе беруге болады.

Италия жағасынан 26 зорланған қыздың мәйіті табылды

Жерорта теңізін кесіп өтпек болған 14-18 жастағы қыздар зорланып, кейін өлтірілген.

Испандық «Кантабрия» әскери кемесі әйелдердің денесін Салерно кемежайына жеткізді. Қаза тапқандармен бірге бортта 375 мигранттар болған. Хабарланғандай, өлі қыздармен бірге резеңке қайықта 64 босқын болған. Кемежайға олар әскери кеменің суытылған бөлігінде жеткізілді.

375 аман қалған босқындардың басым бөлігі Нигерия, Сенегал, Гана, Гамбия және Суданнан шыққандар.



Следующая →