Тайваньда әскери жойғыш ұшағы құлады
Француз зауытынан шыққан «Мираж-2000» атты қырып-жою ұшағы Тайвань аралында жаттығу жасау кезінде басқаруға көнбей, теңіздің үстіне келіп құлады.
Бұл жайында "Тайбэй таймс" газеті хабарлады. Ұшқыштың жағдайы әлі белгісіз. Өйткені аралдың солтүстік аймағында құлаған ұшақтың қаңқасы әлі табылған жоқ.
Қазіргі уақытта патрульдік катер мен әуе техникалары іске қосылып, іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Тайвань қарулы күштерінде «Мираж-2000» ұшағының саны – 60. Бұл жоғыш ұшақ 1998 жылы Франциядан сатып алынған.