ЮНИСЕФ: Африка халқының саны екіге өседі
Африкада халық саны күрт өсуі мүмкін. 2030 жылға дейін құрлықтағы балалар саны 170 милионға артпақ
Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының баяндамасында хабарланды. Қазіргі уақытта Африка елдерінде 1,2 миллиард адам мекен етеді. 2050 жылға дейін құрлықтағы халық саны екі есеге өсіп 2,5 миллиардқа жетеді деген болжам бар.
13 жылдан соң Африкадағы балалар мен жасөспірімдер саны 750 миллионды құрамақ.
Ал 2055 жылы ол миллиардқа жетеді.
Халық саны ең жылдам өсіп келе жатқан - Нигерия елі. Қазіргі таңда Африкадағы дүниеге келген балалар санының 20 пайызын, әлемдік көрсеткіш бойынша 5 пайызын Нигерия алып отыр. 2050 жылға қарай әрбір 13-ші бала Нигерияда дүниеге келетін болады.
- 2030 жылға таяу денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларына қаражат бөлу керек, - дейді Шығыс және Оңтүстік Африкадағы ЮНИСЕФ өңірлік директоры Лейла Паккала.