Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

19 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

ЕО Саммиті қауіпсіздікке байланысты өзге мекемеде өтеді

19-20 қазан күні Брюссельде өтетін Еуроодақ саммиті ескі мекемеде өтеді. Бұл туралы Еурокеңес сәрсенбі күні хабарлады. Еурокеңестің жаңа мекемесіндегі асханада желдеткіш сынып қалғандықтан, зиянды булар бөлініп, қызметкерлерді көшіруге тура келген. Осыған орай ЕО мемлекет және үкімет басшылары өзге мекемеде кездесетін болды.

Будың алғашқы таралуы 16 қазан күні орын алды. Нәтижесінде 20 адам химиялық күйік алған. Көпшіліктің жүрегі айнып, көздері ашыған. 9 адам ауруханаға түсті. Еурокеңесте айтып өткендей, асханадағы тазалағыш құралдар бумен араласып кеткендіктен, «зиянды бу» бөлінген.

Бүгін оқиға тағы қайталанып, қызметкерлер өзгерісті бірден сезген. Дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсетіп, өртсөндірушілер оқиға салдарын анықтауда. Еурокеңес канцеляриясы, мұның істен шыққан желдеткішке байланысты қайталанғанын мәлімдеді.

Болжам бойынша, оқиға саммиттің өтуіне кедергі болмайды. Алайда қауіпсіздікке байланысты, саммитті басқа мекемеде өткізу туралы шешім қабылданды.

Қалың тұманға байланысты Пекинде қауіптіліктің тоқсары белгісі бекітілді

Бұл туралы Қытай астанасының метеорологиялық басқармасының сайтында хабарланған.

Пекиннің кейбір аудандарында тұманның қалыңдығынан тек 200 метр жер көрінеді.

Қала билігі тұрғындардың жолда сақ болуын өтінеді. Әуежайлар, теміржол, автокөлік, паром және өзге қызметтерге қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды.

Обаманың «қызыл тетікті» не үшін пайдаланғаны белгілі болды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама өзінің жұмыс үстеліндегі қызыл тетікті шәй тапсыру үшін пайдаланған. Бұл туралы Finding Virgin Group холдингінің иесі Ричард Бренсон my Virginity кітабында жазған.

Бизнесмен Ақ үйге барған сапары туралы баяндай келе, президенттің үстеліндегі қызыл кітапқа назары ауғанын айтады.

- Обама бұл әрекетімді байқап қалып, «бұл тетіктер бұрын төтенше жағдайлар кезінде қолданылды. Ал қазір мұның көмегімен қонақтарыма шәй тапсырамын» деп жауап қатты, - дейді Брэнсон.

Ниагар сарқырамасына бала құлап кетті

Канаданың Онтарио провинциясындаға Таға деп аталатын Ниагар сарқырамасының учаскесінде бала құлап кетті.

- Сарқыраманы тамашалайтын орында 10 жасар баланы анасы суретке түсіріп тұрған. Сүйеніп тұрған бала тепе-теңдіктен айрылып, 30 метр биіктіктен құлаған, - дейді хабарландыруда.

Құтқарушылар баланы жедел тауып алған. Көптеген жарақаттар алған бала ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Ресей ауылын ақ аю қоршауға алды

Аталған ауыл Кожевников мысындағы тынық мұхитының итбалықтарын сақтауға арналған табиғи ескерткішке жақын орналасқан.

Ақ аюларды саны бес мыңға жеткен. Оларды морждар қызықтырған. Морждар кетіп қалса да, 20-ға жуық аю ауыл маңын торуылдап жүр.

Жыртқыштар өлген морждармен қоректенеді. Бірақ жас аюлар үйлерге жақындап келуде. Жуықта аюлардың бірі терезеден үйге кіріп кетпек болған.

Қазір мамандар жыртқыштарды үркітумен әуре.

Следующая →