Щучинск қаласында трамплин салған адам содан өзі секірсін – депутат Косарев
Бурабайдың бойында салынып жатқан республикалық маңызы бар шаңғы базасы пайдалануға келмейді.
Бұған жергілікті жердің климаты себеп. Мұны Коммунистік халық партиясының депутаты Владислав Косарев айтып отыр.
- Трамплиннен секіруге ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Өйткені желдің жылдамдығы секіруге мұрсат бермейді. Трамплин салынған аймақта желдің жылдамдығы 3 м/с кем болмауы керек (...) Салған адам өзі секірсін, - деді депутат мәжіліс отырысында.
Косаревтің ойынша, трамплин құрылысын ары қарай жалғастырудың еш мәні жоқ.
Мұндай пікірді 2014 жылы құрама жаттықтырушысы Қайрат Биекенов та айтқан болатын. Оның ойынша, Щучинкскіде салынып жатқан трамплин базасын жабық спорт кешені ретінде салу керек деген болатын.
Бурабай орталығында қысқы спорт кешенін салу 2005 жылдан басталған еді. Оның үстіне, құрылыс небары 3 жылдың ішінде бітеді деп жоспарланған. Ал тапсырыс беріп отырған мәдениет және спорт министрлігі құрылыстың 2017 жылдың соңында аяқталып, 2018 жылы пайдалануға беріледі деп отыр.