Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

22 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

НАТО Донбассқа бітімгершілерді кіргізуді қолдайды НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг хабарлағандай, альянс Украинаға БҰҰ бітімгершілерін жіберуді қолдайды. Бұл туралы ол Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездескеннен кейін хабарлады. - БҰҰ бітімгершілерін Украинаға жіберу туралы ұсынысты қуана қабылдадым. Ресей ұсынысы да «үстелде» жатыр, - дейді Столтенберг. Ақ үй: Трамп КХДР жетекшісіне сөз жеткізе алмауда Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ынмен байланысқа шығып, АҚШ-тың бұл сұрақтарға қаншалықты маңызды қарайтынын көрсету үшін президент Дональд Трамп дипломатиялық лексикадан асып түспек. - Президенттің әңгімесінде бір мақсат – Ким Чен Ынмен байланыс орнату... Президент бұл жігітке жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге тырысуда, - дейді Ақ үй өкілдерінің бірі. РФ Қорғаныс министрлігі: Сирия өңірі ИМ-ден 87 пайызға азат етілді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми «Қызыл жұлдыз» газеті Сирия төңірегінің «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымынан 87 пайызға азат етілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта «Ислам мемлекеті» қолында ұстап отырған ең ірі аудан - Ефрат өзенінің даласы. БАҚ: Неміс саясаткерлеріне ақ ұнтақ салынған хат таратылды Бундестаг сайлауына бірнеше күн қалғанда немістердің жетекші саясаткерлері мен олардың жанұя мүшелеріне бір уақытта ақ ұнтақ салынған хат келіп түскен. Қауіп туралы хат алған саясаткерлердің ішінде – Бавария федералды жерлерінің премьер-министрі Хорст Зеехофер, парламент фракциясының Жасылдар жетекшісі Катрин Геринг-Эккардт, Жасылдар партиясының бундестагтағы депутаты Ханс-Кристиан Штребеле және Грегор Гизи және Гезине Летч сынды өзге заңнамашылар бар. Мұндай хатты тіпті Германия канцлері Ангела Меркельдің күйеуі Иоахим Зауэр де алған. Саясаткерлер мен полиция мұндай жағдайдың орын алғанын растап отыр. Берлин құқыққорғаушыларының айтуынша, хаттың ішіндегі ұнтақтар ешқандай қауіп тудырмайды, бірақ олар зерттелу үстінде. Штребеле алған хаттың суретін Твиттерден жариялаған. Хаттың ішінде парақ қағазбен бірге ұстараның жүзі болған. Ал қағазда араб тілінде мәтін бар. Мамандардың пікірінше, мәтінді жазушылар араб тілінің иегерлері емес. АҚШ Ресейге қатысты жаңа стратегия құрды Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Герберт Макмастер CNN арнасында Ресеймен байланыс орнатудың жаңа стратегиясы құрылғанын хабарлады. - Президентке арнап Ресеймен жұмыс істеудің жаңа стратегиясын құрдық, - дейді ол. Оның айтуынша, бұл мақсатта үш міндетті жүзеге асыру керек. - Біріншіден, олардың тепе-теңдікті бұзатын рөліне қарсы әрекет етуіміз керек. Егемендігіне Ресейден қауіп туындап тұрған Украина президенті Петр Порошенкомен Дональд Трамп кездеседі, - дейді Макмастер. -Екіншіден Ресеймен қақтығыстың алдын алуымыз керек. Бұл елдің ядролық қаруы бар. Бізде Кеңес Одағымен ұзаққа созылған қырғи-қабақ соғыс болды, сондықтан жаңа қайшылықтан қашуымыз керек, - дейді Макмастер. Үшіншіден, «ортақ мүддеміз бойынша бірге жұмыс істей алатын ынтымақтастық облыстарын анықтап алу керек». Соңғы жылдары АҚШ пен оның одақтастарының мүддесін бұзу үшін Ресей барлығын істеуде деп өтті Макмастер.
Следующая →