Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

14 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады.

Еуроодақ өзінің бүкіл аумағында Wi-Fi нүктелер ашу үшін 120 млн еуро жұмсайды

Еуропарламент WiFi4EU бағдарламасын жүзеге асыру үшін дауыс берді. Бағдарлама аясында бүкіл Еуроодақ аумағында тегін Wi-Fi нүктелері ашылады.

2017-2019 жылдары бұл мақсатта 120 млн еуро жұмсалатын болды.

Тегін ғаламтор терминалдары 6-8 мың жергілікті орындарда, кітапханалар, ауруханалар, саябақтар, мұражайлар, мектептер және қоғамдық көліктерде пайда болады.

Бұл бағдарлама аясында муниципалитеттер мен мемлекеттік мекемелер қаржы бөлу үшін онлайн режимде арыз бере алады. Мұнымен қоса, Wi-Fi терминалдары үш жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуге қамтамасыз етілуі керек.

ЕО сандық экономика жөніндегі комиссары Мария Габриэльдің айтуынша, қала мен ауыл басшылары терминалдардың бірінші кезекте қайда орналастыру керектігін өздері анықтайды. Бағдарламаның мақсаты – ғаламтор аз тартылған жерлерді ақпараттық желімен қамту. 

Мұнымен қоса, тегін ғаламторды пайдалану өте қарапайым болады. Бір рет тіркелген соң, WiFi4EU бағдарламасына бүкіл ЕО төңірегінде қосыла беруге болады, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Жоспар бойынша сымсыз ғаламтор терминалдары 2018 жылдан бастап өз жұмысын бастайды.

Amazon Хиллари Клинтон туралы жаңа кітапқа айтылған сыни пікірлерді жойып отыр

АҚШ-тың Amazon онлайн дүкені экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның «Не болды» деген мемуарына жазылған сыни пікірлерді жойып отыр, деп хабарлайды ТАСС. Бұған «Вашингтон таймс» газеті назар аударған.

Компания жетекшілігі кітапқа бірден беске дейінгі бағалау критерийлерін жүйелі түрде жойып отырған. Сайт қолданушылары үмітін ақтамаған немесе аталған сапаға жауап бермейтін өнімдерді бір жұлдызбен бағалайды. Қазіргі уақытта кітаптың жалпы рейтінгі 4,8 балды (барлығы 5 балл) құрайды. Бұл - кітаптың жоғары бағаланғанының белгісі.

Жағымсыз пікірлердің өшіріліп отыратыны туралы Fortune ("Форчун") басылымында да, компания да растаған.

- Клиенттердің ненің пайдалы деп есептейтінін біз шешпейміз. Бірақ бізде көпшіліктің пікірі біраз адамдардың мүддесімен араласып кетпейтіндей механизм бар. Біздің қауымдастықтың ережелеріне қарсы келетін клиенттердің пікірін өшіріп отырамыз, - дейді компания өкілі.

Amazon компаниясының негізін салушы және «Вашингтон пост» газетінің иесі, мультимиллиардер Джефф Безос либералды көзқарасты ұстанады. Ол осыған дейін де Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеттерін сынға алған болатын. Қаңтар айында Безос Вашингтон штатында Дональд Трамптың иммиграцияның қысқарту туралы қаулысына қарсы талапты қолдайтынын айтқан еді. АҚШ-тың ең елеулі «Вашингтон пост» газеті өз мақалаларында Трамп пен республикандықтардың саясатын жиі сынға алады.

2024 және 2028 жылдары өтетін Олимпиада астанасы белгілі болды

Олимпиада 2024 астанасы болып Париж ресми түрде жарияланды, ал 2028 жылғы ойындарды Лос-Анджелес қабыл алды, деп хабарлайды НТВ телеарнасының сайты.

Мұндай шешімді Лимадағы (Перу) Халықаралық олимпиадалық комитет қабылданды.

Олимпиада ойындары өтетін қалалар тізімін ХОК президенті Томас Бах жариялады. 

- Париж-2024 және Лос-Анджелес-2028 - бұл тарихи екі таңдау. Бұл өте ұтымды оқиға. Бұдан кереметті елестету мүмкін емес. Бүкіл әлемнің спортшыларын Олимпиада ойындарымен 11 жылға дейін қалыпты қамтамасыз ету – ерекше жайт.

Айта кету керек, алдыңғы екі ойынға үміткер болған тек Париж бен Лос-Анджелес қана. Осыған дейін Гамбург, Будапешт және Бостон үміткер болған.

Американдық барлаушылар Солтүстік Кореяның кезекті сынаққа дайындығы туралы хабарлады.

Барлаушылардың хабарлауынша, КХДР ықтималды зымыран ұшыруға дайындалуда, дейді NBC News арнасы.

- Соңғы 48 сағат ішінде Солтүстік Кореяда мобильді ұшыру құрылғыларының қозғалысы мен ұшыру алаңдарының дайындығы байқалды, - дейді хабарландыруда.

Мамандар соңғы сынақ барысында КХДР ядролық зарядының күшін анықтаған болатын.

Атақты актер Фрэнк Винсент 79 жасында өмірден өтті

Режиссер Мартин Саркозенің гангстерлер туралы көптеген фильмдерінде, Дэвид Чейздің «Клан Сопрано» сериалында ойнаған Фрэнк Винстент 79 жасында жүрек талмасынан ауруханаға түсіп, ота жасау барысында қаза тапты.

Фрэнк Винсент 1939 жылы АҚШ-та Италияндықтардың отбасында дүниеге келген. Олардың ата-аналары Сицилиядан шыққан. 70 жылдары жас актерді Роберт Де Ниро байқап, Мартин Саркоземен таныстырған.

Кейін Винсент атақты режиссердің «Жынданған бұқа», «Казино» фильмдерінде ойнаған. Сонымен қатар компьютерлік Grand Theft Auto ойынында мафия басшысының дауысын келтірген.

Следующая →