Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көненің көзі ашылар шақ келді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бірқатар жаңа бағдарламаларға бастама болды

Осындай бағдарламалардың бірі ретінде «Қазақстанның киелі жерлер географиясын» атар едік.

Киелі жерлер туралы сөз қаузасақ, Шығыс Қазақстанның бір өзінде еншісі зор екені мәлім. Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан бастап, Абай ауданына дейін созылған байырғы өлкенің бабалар байлығы толастамасы анық. Керісінше, қаза берген сайын құндылықтарының қатары арта береді.

Аталған бағдарлама аясында облыс әкімі Даниал Ахметов пен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай өңірінде болып, көне жәдігерлерден Мұхтар Әуезовке дейінгі тарих толқынымен танысып шықты.

Біздің дәуірімізге дейінгі жетінші ғасырларға жататын «сақ» тайпасының алтын әшекейлері, алқалар «Қырықүңгір», «Сарыкөл» қорымдарынан табылған. «Қоңыр әулие» үңгірінен он шақырым жерден табылған қазба байлықтарының қызығы да, сыры да мол.

Қазба жұмыстарына Еуразия ұлттық университетінің және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ғалымдары мен студенттері қатысқан.

- Қазба жұмыстары барысында көптеген қызықты жаңалықтарға тап болдық, - дейді профессор Ұлан Үмітқалиев. - Бір қызығы көне дәуірге жататын ер адамның денесімен бірге тесігі бар 140 асық табылды. Болжам бойынша, бұрынғы заманда жерлеу рәсімінде топырақ орнына асық салуы ықтимал. Сол сияқты әйел адамның аяқ тұсынан 137 асық шыққан. Бұл санның өзінде де мән болуы мүмкін.

Абай өңірінің тарихи байлығы бұрын-соңды зерделенбеген. Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен зерттеу жұмыстары басталып кетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда көне орындарды зерттеу және дамыту жұмыстары басталып кетті. Бағдарлама аясында 60-тан астам жобадан тұратын кешенді жоспар құрылған. Оны жүзеге асыру мақсатында 28 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Бағдарлама аясында тек көненің көзі зерделенбей, Құнанбай, Абай, Шәкәрім сынды бабаларымыздың да есімі ұлықталады. Ресми сапар барысында өңір басшысы мен «Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасы дана аталарымыздың дүниелерімен таныс болды.

Шәкәрім атамыздың сүйегі салынып, туған жеріне жеткізілген шабадан, Қытайдағы Қапырық деген ақсақалдан алынған белбеуі, насыбай үккіші туған жеріндегі мұражайдан орын алады. 

Следующая →