Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

8 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

«Ирма» құйыны Кубаға баса көктеді

«Ирма» тропикалық дауылы бейсенбі күні Кубаның шығысындағы Гунтанамо, Ольгин және Лас-Тунас провинцияларына шүйлікті. Бұл туралы Кубаның Метеорологиялық институты растады.

Орталық жариялаған ақпарат бойынша, құйын ортасы солтүстік ендіктің 20 градусы, батыс бойлықтың 69 градусында орналасқан. Ол сағатына 28 шақырым жылдамдықпен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай беттеуде.

Кубаның азаматтық қорғаныс қызметінің бас штабы елдің Гуантанамо, Сантьяго-де-Куба, Гранма, Лас-Тунас, Камагуэй, Сьего-де-Авила және Вилья-Клара провинцияларында қауіптілік режимін бекітті.

Қауіпсіздік шаралары ретінде электржелілері өшіріліп, автокөлік қозғалысына шектеу қойылады. Сол сияқты ең қауіпті аудандардан жергілікті тұрғындары көшіріледі.

Кубаның Санкти-Спиритус, Сьенфуэгос және Матанас провинцияларында табиғи құбылыс туралы «ақпараттандыру деңгейі» бекітіліп, көшелерді тазалау, азық-түлік қорын жинау, қорғаныс орындарын дайындау туралы ескерту айтылды.


БҰҰ Мьянма босқындарына 7 млн доллар бөледі

БҰҰ бейсенбі күні Мьянмадағы Ракхайн штатында зардап шеккен босқындарға жедел көмек көрсету үшін 7 млн доллар бөлді, деп хабарлайды ТАСС:

Қаражат Бангладеш шекарасында бас сауғалаған ондаған мың босқындардың тұрмыс жағдайын реттеуге бағытталады, деп хабарлайды БҰҰ Гуманитарлы сұрақтарды үйлестіру басқармасы.

- Бұл қаражат арқылы серіктестеріміз гуманитарлы операцияларын кеңейте алады. Бұл қаражатқа баспана, азық түлік сатып алу, әйелдер мен қыздарға арналған медициналық көмекке бағытталған. - дейді БҰҰ гуманитарлы көмек бойынша бас хатшының орынбасары Марк Лукок.

Соңғы деректер бойынша соңғы екі апта ішінде Бангладеш шекарасынан 160 мың Ракхайн штатының тұрғындары кесіп өткен.

Қазір босқындарды қабылдап жатқан Бангладеш те қатты тасқыннан зардап шегуде. Лукоктың айтуынша, гуманитарлы агенттіктер көмек көрсету үшін бар күшін сарп етуде. Алайда, қаражат тапшылығы қатты білінуде.

YouGov жүргізген зерттеуге 5 мыңнан астам ЛГБТ мүшесі қатысқан.

Зерттеу қорытындысы бойынша, ұйым мүшелеріне ауызша және физикалық шабуыл қоғамдық өмірдің кез-келген тұсында дайын тұрады. Қарапайым бар, рестораннан бастап, пәтер алу барысында да қысым жүреді.


Италиядағы сиырлардан сібір мерезі анықталды

Ресейлік тұтынуды бақылау органдары Италиядағы сібір мерезі туралы ақпаратты тіркеді, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Олар Тоскана мен Лацио төңірегіндегі төрт сиырдан анықталған. 1950 жылдардан бері жалғасып келе жатқан вакцинацияға байланысты, ірі қара малдың ауруға шалдығуы бұл жерлерде екіталай.

Айта кету керек, 26 тамыз күні Италияның ауыл шаруашылық министрлігі Римге жақын маңда және Рокко ди Папа өңірінде тоғыз ірі қара малдың сібір мерезінен өлгені туралы хабарлаған.

Ұлттық зертхана диагнозды ресми түрде растаған. Жануарлардың мәйіті бірден өртелді.


Зидан Рональдуды жатжерлік деп атады

«Реалдың» бас жаттықтырушысы Зинедин Зидан өз ойыншылары туралы пікірін білдірді.

- Рамос – жетекші. Рональду – жатжерлік. Бензема – тұнып тұрған талант иесі. Криштиану өте ақылды. Ол өзін жетік таныған. Роналду командадағы серіктестерін әрқашан рухтандырып жүреді. Ол керемет, - деді Зидан beIN SPORTS-қа берген сұхбатында.

 

Следующая →