Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көкпекті ірі қарасының 60 пайызы асыл тұқымды

Көкпектінің күн артқан сайын көсегесі көгеріп, көнтерілі мінезімен көптеген саланы сайын даласында қарыштатып келеді

Бір етегі дәнге толып, бір жотасы малға толған бұл аудан білімін де, біліктілігін де еңбегінің үлесінде ұстайды.

Міне, бұл аудан бүгінгі таңда «малым жанымның садағасы» деген ұлтымыздың төл саласында жаңа жетістікке жетті. Атап айтқанда, қара ангус пен қазақтың ақ бас сиырын тұқымдастырып, жаңа төл алды.

«Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік көшені асыл тұқымды ірі қара мал өсіріп, ет өндірумен, жем-шөп өндірумен айналысады. Мұнда барлығы 1283 бас мал бар. Сонымен қатар, «Ангус» тұқымды сиырдан 1113 бас, «Герефордтан» 170 бас өсіріледі.

- Бес жыл ішінде айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете білдік деп ойлаймын, - дейді «Елім-ай Көкпекті» ЖШС басшысы Болат Бекбердинов. - Қазақтың ақбас сиыры бүгінде 1705 басқа жетті. Жылқы 365 бас. Мұның ішінде жылқы малы ең өнімді болып табылады. Ең алғаш жұмысымызды бастап, будандастыру жұмысында қазақтың ақбас сиырлары авторының бірі Юрий Крючков көмектесіп, 3 жыл бойы ақыл-кеңесін айтқан. Бүгінгі таңда қара ангус пен қазақтың ақбас сиырын будандастырып, жаңа тұқым алынды. Шыны керек, қазақ малы өзінің генін бермейді. Сондықтан түсі қара, бірақ ақбас күйінде сақталады. Олардың бір ерекшелігі еті 15 пайызға артық келеді.

«Елім-ай Көкпекті» ЖШС ірі қара малының 60 пайызы асыл тұқымды малдан тұрады. Агроөнеркәсіптік кешенінің мамандары өздерінің қара тер жұмысына, білімнің терең жолдарын пайдаланады. Бүгінгі жетістік кешегі зор еңбектің нәтижесі болар. 

Следующая →