Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

6 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Қытай жағалауларына тропикалық «Гучоль» дауылы жақындап келеді

Тынық мұхитында 17-ші рет қалыптасып отырған тропикалық «Гучоль» дауылы Қытайдың шығыс жағалауларына жақындап келеді, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы елдің Орталық метеорологиялық қызметі сәрсенбі күні жариялаған.

Қазіргі уақытта тропикалық циклон ошағы шығыс теңіз жағалауында орналасқан Фуцзянь провинциясынан 480 шақырым жерде. Циклонның ортасындағы жел жылдамдығы 18 м/ секундына жетеді. Тропикалық дауыл батыс бағытында 10 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Провинцияға бейсенбі күні жетеді деген болжам бар. Жергілікті билік тарапынан қандай да бір шара қолданылатыны туралы ақпарат жоқ.

Тамыз айының соңында Қытайдың оңтүстік және шығыс провинциялары «Хато» тайфунына ұшыраған еді. Елдің материктік бөлігінде 12 адам зардап шеккен.


Аризонада ұлттық ұлан ұшағы құлады

Аризона ұлттық ұланының 162-ші эскадрильесіне тиесілі Ғ-16 ұшағы сейсенбі күні апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.

Аризона ұлттық ұланымен дайындықтан өтіп жатқан Ғ-16 Саффордтың солтүстік-батысынан 20 миль жерде құлады. Құтқару операциялары жүргізілуде, - деп хабарлайды эскадрилье «Твиттерден».


ИМ ұйымына қарсы халықаралық коалиция операцияларына жаңа генерал сайланды

Американдық генерал Пол Фанк АҚШ басқаруымен құрылған халықаралық коалиция операцияларын басқарады. Коалиция бүгінгі таңда «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған) террористеріне қарсы Ирак пен Сирияға қолдау көрсетеді. Бұл туралы Пентагон хабарлайды.

П.Фанк 2016 жылдан бері қолбасшылық етіп келген Стивен Таунсандтың орнын басады.

П.Фанк осыған дейін АҚШ құрлық әскері бірлестігін басқарып келген.


КХДР АҚШ-ты жаңа ядролық сынақпен қорқытты

Пхеньян Вашингтонның қысым көрсету әрекетін бос әурешілік деп атады.

Женевадағы БҰҰ жанындағы КХДР тұрақты өкілі Хан То Сон жуықта өткізген ядролық сынақтарды тұспалдай отырып, Солтүстік Кореяның АҚШ-қа көбірек «сыйлықтар» жіберуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Reuters.

3 қыркүйек күні КХДР-дың алтыншы және ең үлкен ядролық сынақ өткізгенін растады.

- Өз елімнің соңғы қорғаныс іс шарасы – АҚШ-қа жолданған сыйлығы, - дейді солтүстіккореялық дипломат. - Ақылсыз арандату мен КХДР еліне бос қысым көрсетіп отырған АҚШ менің елімнен әлі осындай сыйлықтардың көбін алады.


«Пеппа шошқа» мультсериалы тағы да өмірге қауіпті деп танылды

Британдық «Пеппа шошқа» мультсериалының кезекті бөлімі Австралияда қайтадан өмірге қауіпті деп танылды. Бірінші кезеңнің 47-ші сериясы көптеген шағымдардан соң қайтадан түсірілген болатын, деп хабарлайды Lenta.ru

2004 жылы шыққан бөлімге қатысты шатақ мультфильмде балаларға өрмекшіден қорықпауға кеңес беруіне байланысты туындаған.

Алып краб өрмекшілері мекен ететін Австралияда мұндай кеңестің арты қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Бұл елде 2000-13 жылдар аралығында 12 мың адам өрмекшінің шағуынан ауруханаға түскен.

Мультфильмнің «Жіңішке аяқтар» сериясы австралиялық телеарналарда 2012 жылдан бері көрсетілмейді. 

Следующая →