Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Франция, Қытай және өзге де бірнеше мемлекеттер БҰҰ жарияланған санкцияны орындамаған

Франция, Үндістан, Ирлания, Пәкістан, Қытай және тағы да жеті мемлекет БҰҰ-ның Солтүстік Кореяға қарсы жариялаған санкциясын орындамаған. Елдер Солтүстік Кореядан шикізаттар сатып алған

- 2016 жылы Корея Халық Демократиялық республикасы 2016 жылдың қазанынан бастап 2017 жылдың сәуір айына дейін Барбадос, Қытай, Коста-Рика, Египет, Франция, Сальвадор,Үндістан, Индонезия, Ирландия, Пәкістан және Шри-Ланка елдеріне 44 млн 342 мың АҚШ долларына тең темір бен болат өнімдерін сатқан, - дейді БҰҰ сарапшыларының мәліметтерінде.

Сонымен қатар, ҚХДР Египет, Үндістан, Ирландия, Қытай, Мексика және Францияға 305,7 мың АҚШ долларына тең болат пен темір өнімдерін саудалаған.

Қытай еліне сатылған өнімдердің мөлшері ең көп. Қытайға 37,1 млн АҚШ долларына тең өнім экспортталған.

Солтүстік Кореядан темір өнімдерін сатып алмау туралы шешімді БҰҰ 2016 жылы 30 қарашада қабылдап, санкция жариялаған болатын. БҰҰ сарапшылары жоғарыда аталған мемлекттердің үкіметінен Солтүстік Кореядан тасымалданған жүкке қатысты тексеру жүмыстары жүргізіген не жүргізлмегенін анықтауға кірісті.

- Қазіргі уақытта тек Қытай ғана Солтүстік Кореяға тасымалданатын жүктердің тексерілетіндігін, ал КХДР-дан келетін тауардың тексерілмейтіндігін айтқан. Ал өзге мемлекеттер үнсіз, - делінген БҰҰ құжатында.

БҰҰ бүгінгі таңда Солтүстік Кореяға қарсы қатаң санкцияларды қабылдап жатыр. 

Следующая →