5 қыркүйекке арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Мьянмедегі Ракхайн штатында жаугершілер жүздеген тұрғын үйді өртеп жіберді
Мьянма билігі Ракхайн штатында «Рохинджаны құтқару Аракан әскері» қозғалысы жауынгерлерінің жаңа шабуылдарын тіркеді, деп хабарлайды ТАСС.
Исламистердің шабуылынан «Маунгдау округінде жүздеген үй өртенген». Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Басылым хабарлағандай, өздерінің бұл әрекеттерінен кейін жаугершілер жергілікті мекендерде мина орнатып кетеді. Оларды Мьянма тұрақты армиясының саперлері залалсыздандыруда.
Ракхайндегі жағдай 25 тамыз күні ушықты. Бұл күні аталған қозғалыстың жүздеген дауынгерлері полицияның 30 бекетіне шабуыл жасаған. Кейін анықталғандай, Мьянманың батысындағы қақтығыстан 400-ден астам адам зардап шеккен. Өлгендердің басым бөлігі рохинджа жауынгерлері.
Австралияда дрифт жасаған жарысушы көрермендерді өртеді
Австралияның Алис-Спрингс қаласында Red CentreNATS фестивалі барысында ТЖ орын алды.
Жарыс автокөлігінің жүргізушісі трибуна жанында дрифт көрсеткенде, көлік сынып, өртке оранған жанармай көрермендерге атқылады.
The Telegraph ақпараты бойынша, 13 адамды күйік шалса, олардың бірі ауыр жарақат алып, дәрігердің қаралуында қалған.
Ең бақытты адамдар Норвегияда
Британдық "Спектейтор" жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, Норвегия ең бақытты ел болып танылды.
Аталған көрсеткіш бойынша екінші орында Дания, үшінші орында Исландия тұр.
Бақыт көрсеткіші бойынша АҚШ 14-ші орында, одан кейін Ұлыбритания тұрақтады.
Тізім бойынша Ресей 49-шы орында.
Ең соңғы 122-ші орында Үндістан.
Әлемдік қайырымдылық бойынша Мьянма бірінші орынға шықты
Charities Aid Foundation (CAF) ұйымы жариялаған World Giving Index 2017 әлемдік қайырымдылық көрсеткіші бойынша, Мьянма бірінші орынға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
LiveMint басылымы бұл көрсеткіштің талаптарын төмендегідей келтіреді: адамдар саны, ақша бөлушілер, еріктілікке кетіретін уақыт, бейтаныс адамдарға көмектесу. Елдер бойынша Мьянма бірінші орында. Кейін Индонезия, Кения, Жаңа Зеландия, АҚШ және Үндістан.
Әлемдік көрсеткіштің төмендеуін жеке елдердегі саяси жағдайлардан көруге болады. Мысалы Мьянма өз тұғырында төртінші рет қалып отырса да, оның пайыздық көрсеткіші 5 деңгейге түскен. Мұны елдегі саяси жағдаймен байланыстыруға болады, - дейді Үндістандағы CAF бас атқарушы директоры Меенакши Барта.
Аталғандай, тек Африка елдерінде ғана «әдеттің жақсы жаққа өзгеріп бара жатқанын байқауға болады. Бұл сауалнаманы жүргізу үшін 139 елдің халқынан жауап алынды.
Үндістанда селфи жасамақ болған адамды піл таптады
Шабуыл Орисса штатындағы саябақта орын алды. Куәгерлердің айтуынша, жергілікті тұрғын пілмен селфи жасамақ болып, жануарға тым жақындап қойған.
Куәгер пілдің адамды қуып бара жатқанын түсіріп алған. Адам жығылғаннан кейін, жануар оны тепкілей бастаған.
Саябақ жұмысшылары пілді қуалай алмады. Шабуылдан зардап шеккен адам ауруханаға барар жолда көз жұмды.
Следующая →