8 қыркүйек күні өтетін «Әлем Барысына» 40 апайтөс балуан қатысады
Қазақ күресі өзге спорт түрлеріне қарағанда материалдық жағынан да, ұйымдастыру жағынан үлкен шығынды талап етпейді
Елімізде «Әлем Барысы» осымен екінші рет өтеді. Биылғы бәсекенің ерекшелігі – оған дүние жүзіндегі 40 елдің балуаны қатысады. Ал шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп бермек, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялық қызметі» www.ortcom.kz сайты.
8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Аренада» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионатына елімізден төрт дүркін әлем чемпионы және Қазақстан Барысы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы және Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов. Сонымен қатар, биылғы Қазақстан Барысы жеңімпазы Еламан Ерғалиев пен танымал түйе балуан Ержан Шынкеев қатысады.
-2014 жылы алғашқы турнирге 35 елдің апайтөс балуандары қатысты. Үш жыл бұрын xалықаралық турнир ретінде тұсауы кесілген «Әлем Барысы» бүгінде қазақ күресінен абсолютті әлем чемпионаты деңгейіне өсті, – деп атап өтті Арман Шораев
Жарыстың жүлде қоры 30 миллион теңге. Алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер үшін залда сатып алынған билет бойынша Renault Logan автокөлігі ойнатылады.
Сонымен қатар, баспасөз-конференцияға қатысқан «Qazaqstan» РТРК төрағасы Ерлан Қарин.
-Арна ұжымы әлем чемпионатын үнемі қолдайды. Биылғы әлем чемпионатының насихатына шетелдік әріптестеріміз де қызығушылық танытып отыр. Тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport» арнасынан өзге, түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» телеарналары көрсетеді,- деді.