Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

4 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

БҰҰ ҚК дүйсенбі күні КХДР мәселесі бойынша талқылау жүргізеді

БҰҰ ҚК мүшелері дүйсенбі күні солтүстіккоря мәселелерін талқылайды, бұл туралы американ тұрақты өкілі хабарлады.

- АҚШ тұрақты өкілі Никки Хэйли мен оның Жапония, Франция, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореядағы әріптестері КХДР-дегі ядролық сынаққа байланысты БҰҰ ҚК отырысын өткізуді сұрады, - деп жпзпдв тұрақты өкіл.

Отырыс кешкі 17.00 шамасында өтеді.

Бельгияда ұшқыш тікұшақтан парашютсіз секіріп кетті

Бельгиялық ӘӘК ұшқышы тікұшақ кабинасынан қойылым барысында секіріп кетуі мүмкін, деп хабарлайды Лента.ру.

Оқиға Льеж провинциясындағы Амэ коммунасында орналасқан инженерлік батальон өткізген ашық есік күнінде орын алды. Agusta A-109 тікұшағының ұшқышы десанттарды лақтырғаннан кейін, бір шықырымдық биіктікте парашютсіз секіріп кетті. Екінші ұшқыш әскери машинаны сәтті қондырған.

Болжам бойынша, тәжірибелі ұшқыш әйелімен айырылысу үрдісінде болған. Оның кішкентай қызы қалды.

Ұшқыштың денесі әлі табылған жоқ. Оқиға бойынша Льеж прокуроры тергеу бастады.

Сириялық әскер ИГИЛ астанасына 48 сағатта жетеді

Дейр-эз-Зор провинциясының губернаторы сириялық үкімет әскері 48 сағат ішінде мухафазаның әкімшілік орталығына жететінін айтты. Бұл туралы LiFE.ru хабарлайды.

Дейр-эз-Зор Сириядағы ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының соңғы тірегі. Мұнда Дамаскі мен Ракка провинцияларында тірі қалған террористер ағылған.

Канаданың батысында адамдарды жаппай көшіру басталды

Батыс канадалық Британ Колумбиясы билік өкілдері өңірдегі орман өртіне байланысты тұрғындарды жаппай көшіруге дайындалуда. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Провинцияның оңтүстігіндегі Пичлэнд округінде қатты ыстық пен желдің үйіткуіне байланысты өрт жылдам қозғалуда. Сенбі күні орман өрті аумағы 100 га болған, жексенбі күні ол 1000 га-ға жеткен.

Қазіргі уақытта Саммерлэнд жергілікті мекенінің 55 үй тұрғындары көшірілді. Тағы 300 үй тұрғындары көшу туралы бұйрық алды.

Ғалымдар адамның жұмыс істеуден шаршайтын жасын анықтады

Мұнымен қоса ең жиі айтылатын себептердің бірі – басшылықтың өз қызметкерін бағаламауда.

Ұлыбританиядағы Happiness Works компаниясы жүргізген сараптама бойынша, қарттар жұмыста өздерін әлдеқайда бақытсыз сезінеді. Айта кету керек, бұл сауалнамаға екі мың адам қатысқан. Жұмысқа деген қанағаттың төмендеу 35 жастан басталады екен.

Зерттеу көрсеткендей, 55 жастан асқан респонденттердің 17 пайызы, 35 жастан 54 жасқа дейінгі қатысушылардың 16 пайызы және 18-32 жас аралығындаға жауап берушілердің 8 пайызы өз жұмыстарына қанағаттанбайды. Мұнымен қоса ең жиі айтылған себептер – бағаламау, күйзеліс және жұмыс орнында достарының болмауы.

- Жетістікке жетпегеніңізді түсінетін сәт туындайды, осыған байланысты жұмыс жыныңды ойнатады. Ал өмірлік тәжірибе жанұяның қаншалықты маңызды екенін айта түседі. Сол кезде өзіңізге: «Мұнда не істеп жүрмін?» деген сұрақ қоясыз, - дейді Манчестер бизнес мектебінің зерттеушісі Кэри Купер.

Следующая →