Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

22 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Араб әмірлігінде табак, газды су және энергетиктерге салық салынады Біріккен Араб Эмираттарының билігі табак, энергетикалық және газдалған сусындарға салынатын жаңа салық түрін енгізді, деп хабарлайды АР агенттігі. Құжатқа орай, табак және энергетикалық сусындар сатылымынан салық жинау 100 пайызға жүреді, ал өзге салқындатылған сусындардан 50 пайыз алынады. Құжатқа БАЭ президенті Халиф ибн Зайд Аль Нахайян қол қойды. Дональд Трамп Ауғаныстанға қосымша 4000 солдат жіберді АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғаныстанға 4 мың американдық солдатты жіберуді көздейтін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Fox News Осылайша Трамп ауғаныстандағы жағдайды әскери жолмен реттеуге тырысып отырған үшінші американдық басшы атанды. Бұл қаулы турасында президент өз халқына 21:00 шамасында жария етеді. "Фукусима-1" АЭС-те топырақты қатыруды соңғы сатысы жүріп жатыр Жапонияның солтүстік-шығысында орналасқан апаттық "Фукусима-1" АЭС-те топырақты қатырудың соңғы сатысы басталды. Бұл турады Tokyo Electric Power ("Токио электрик пауэр", TEPCO) компания-операторы хабарлады. Жұмыс 17 қатарынан жүріп, қазір ТЕРСО АЭС астына соңғы мұз қабатын жаюда. Мұзды құрсау станция астына күн сайын ағып келіп, радиоактивті сұйықтықпен араласатын жер асты суларын тоқтатады. Бұл ауыр операцияны жүргізу үшін ТЕРСО мамандары тереңдігі 30 метр болатын құбырлар орнатып, суытатын сұйықтық өткізеді. Бұл бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен 32 млрд иен жұмсалды. Операцияны жүргізу сатысында ғана алғашқы нәтижелер біліне бастаған: жер асты сулары төрт есеге, яғни күніне 100 тоннаға дейін азайған. Испаниядағы жер сілкінісінен екі адам қаза тапты Тиррен теңізінде орналасқан испандық Искья аралысында магнитудасы 3,6 жер сілкінісі орын алды. Апат барысында көптеген нысандар қираған. Жер асты дүмпулері 10 рет қайталанды, деп жазады Росбалт. Басылымның хабарлауынша, жер сілкінісі 20:57 шамасында орын алған. Оның ошағы аралдың батыс жағалауына жақын маңда 10 ки жер астында. Неаполитан шығанағындағы жер сілкінісінен екі адам қаза тапты. Үйінділердің астында мөлшерімен 10 адам қалса, олардың үшеуі балалар. Олар іс түссіз жоғалғандардың қатарында. Тағы 25 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Олардың көбі ауыр халде. Қазіргі уақтытта билік басшылары далаға қонуды ұсынады. Жағалауда шатырлар орнатылуда. Қазір аралға өртсөндірушілер мен дәрігерлер жіберілді. АҚШ-та күн толық тұтылды Миллиондаған американдықтар батыстан шығысқа дейін күннің толық тұтылуын бақылау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды РБК. Мұндай құбылыс Штаттарда жүз жыл бұрын, яғни 1918 жылы байқалған. Күн тұтылысы 2,4 мың км сағатына жылдамдықпен бір жарым сағатқа жалғасты. Бұл уақыт аралығында бұл құбылысты 14 штатта байқады. Алайда жергілікті тұрғындардан өзге бұл құбылысты бақылауға туристер де келген.
Следующая →