Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

17 тамызға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Жер орбитасына әскери мақсаттағы ресейдің жаңа спутнигі көтерілді

«Потон-М» тасығыш зымыраны әскери мақсаттағы ғарыш аппаратымен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты, деп хабарлайды Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі ғарыш аппараты орнатылған ауыр салмақтағы «Протон-М» тасығыш-зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшып шықты, - деп хабарлайды әскери мекеме.

Зымыранды ұшыруға арнайы келген Ғарыш әскерінің қолбасшысы, Әуе-ғарыш күші бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко ғарыш аппаратын ұшыру барысын жеке қадағалауға келген.

- Барлық операциялар, «Протон-М» тасығыш-зымыранының ұшуы штаттық режимде өтті. Автоматтандырылған жер үсті кешендері зымыранның ұшу барысын бақылауда ұстады, - дейді Қорғаныс министрлігінде.


Вирджиния губернаторы конфедеранттар ескерткіштеріне демонтаж жасамақ

Вирджиния губернаторы Терри Макалиф Конфедераттар жетекшілеріне арналған барлық ескерткіштерді алып тастауға шақырды. Мұндай мәлімдемені сәрсенбі күні «Твиттерден» жариялапты.

Макалиф Виджинияның Бас ассамблеясын «ескерткіштерді алып тастап, мұражайларға орнатуға» шақырады. Ол ескерткіштердің «азаматтарды бірлікке, ұлы отандастарын құрметтеуге шақыруға тиіс» екенін айтады. Конфедерация жетекшілеріне арналған ескерткіштердің Шарлотсвиллдегі қақтығысқа, «өшпенділікке, бөліну мен зорлыққа» алып келгенін ескертті.

В нем Макалиф обратился к Генеральной ассамблее Вирджинии с призывом "убрать памятники и переместить их в музеи". Он также отметил, что памятники должны "вести к объединению граждан и почитанию великих соотечественников", однако столкновения в Шарлотсвилле показали, что монументы, посвященные лидерам Конфедерации, привели "к ненависти, разделению и насилию".


Геннадий Головкин салмағын өлшетуге келді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикандық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жекке отыз күн қалғанда міндетті салмағын өлшету үрдісінен өтті. Ол Бүкіләлемдік боксшылар кеңесімен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы маңызды жекпе-жекке бір ай қалғанда 170 фунт салмақ көрсетті.


Венесуэлалық түрмеде бүлік шықты

Венесуэланың оңтүстігіндегі түрмеде шыққан бүлікті басу барысында 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды БАҚ өкілдері.

Прокуратура хабарлағандай «37 адамның қазасына байланысты» Амасонас штатындағы Пуэрто-Аякучо қаласының түрмесінде тергеу басталды.

Бірнеше сағатқа созылған бүлкті басу барысында 14 билік өкілі жарақат алған, алайды қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.


Голливудта «Дориан Грей портретінің» әйел нұсқасындағы түсірілімі басталды

Оскар Уайльдтың «Дориан Грей портреті» романының әйел нұсқасындағы түсірілімі басталы, деп хабарлайды Газета.ru.

Түсірілімді Lionsgate студиясы жүргізеді. Режиссері St. Vincent деген есіммен аты шыққан әнші, әрі актриса Энни Кларк болды. Ол «Грэмми» жүлдесінің лауреаты.

Кларктың режиссерлік тәжірибесі бар. Ол 2017 жылы «Сандэнс» кинофестивалінде қысқа "Birthday Party" филмін ұсынған.

Уайльдтың кітабына арнайы сценарийді Дэвид Бирк дайындайды. Ол режиссер Пол Верховенмен «Она» триллерін түсірген.

Следующая →