Барак Обаманың толеранттылық пен махаббат турылы твиті әлеуметтік желідегі ең танымал сөз болып табылды
АҚШ экс-президенті Барак Обама хабарландыруды Шарлотсвиллдегі ультрақұқықтылар мен олардың қарсыластары арасындағы қақтығыстан кейін қойды
Б. Обама ОАР бұрынғы президенті, 2013 жылы өмірден өткен Нельсон Манделаның сөзін жеткізеді.
- Ешкім өзгенің түсіне, шығу тегі мен дініне деген өшпенділікпен тумайды..., - дейді Б. Обаманың парақшасында жарияланған Нельсон Манделаның нақылында. Б. Обама бұл сөзбен бірге өзінің терезеден төрт нәсілді балаға қарап тұрған суретін бекіткен.
Бұл твит 3,4 млн «дауыс» жинап, 1,3 млн ретвитке ие болған.
АҚШ экс-президенті нақылды үш жазбаға бөлген. Өзге хабарландыруларда нақылдың соңғы сөздерін жазып, 2,5 млн қолдаушы тапқан.
Адамдар өшпенділікке үйрене алса, оларды сүюге де үйретуге болады. Себебі махаббат адам жүрегінегі әлдеқайда табиғи құбылыс, - дейді Нельсон Мандела нақылы.