26 шілдеге арналған әлемдік жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Трамп: Иранды үлкен мәселелер күтіп тұр
АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран ядролық бағдарлама бойынша әлемдік қауымдастықпен келісімге келмесе Иранды мәселелер күтетінін ескертті.
- Егер бұл келісім лайықты түрде орындалмаса, олар үлкен, үлкен мәселелерге тап болады, - мен бұған кепілдік беремін, - деді Трамп Огайодағы жақтастарының алдында.
Оның айтуынша, келісімшарт тым ұтымды болғандықтан Иран бұған «тіпті де сене алмаған» және келісім берген бұрынғы Барак Обама әкімшілігіне алғыстарын білдірген.
- Олар (Иран) ерлік танытып алды, бұл ұзаққа созыла қоймас, - дейді американдық жетекші.
Мемлекеттік департаментте Тиллерстонның жұмыстан шықпайтыны туралы айтылды
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хезер Науэрт CNN-нің АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллеорстанның жұмыстан кететіні туралы ақпаратын жоққа шығарды
- Бұл өтірік. Біз мемлекеттік хатшымен сөйлестік. Ол өз орнында, Мемлекеттік департаментте қалатынын дұрыстап түсіндірді. Бізде атқарылатын жұмыстар әлі де жеткілікті. Ол мұны жақсы түсінеді және арқалауға дайын. Вашингтонда апта соңына дейін кездесу жоспарлары бекітілген. Ол президентке қызмет еткеніне қуанышты, - дейді Науэрт брифинг барысында.
Ливиядағы қайшылық жақтары бітімге келісті
Ливиядағы қайшылық жақтары Франция президенті Эммануэл Макронның араласуымен атысты тоқтатуға және елдегі президенттік, парламенттік сайлауды уақытынан бұрын өткізуге келісті.
Аталғандай, Францияда өткен келіссөз барысында екі жақ ортақ тіл тауып, азаматтық соғыстан зардап шегіп отырған елде бейбітшілік орнату үшін он бөлімнен тұратын жоспар бекітілді.
- Бізз бейбітшілік сақтай отырып, нақты терроризмге қарсы әрекет саналмайтын кез-келген жағдайда, кез-келген қаруды қолданудан бас тартамыз, - дейді қарсыласушы жақтар.
Келіссөзден кейін халықаралық деңгейде мойындалған Ливия ұлттық бірлігі үкіметінің басшысы Фаиз Сарраджа мен елдің шығысын басқаратын жауынгерлер генералы Халифа Хафтар журналистердің алдында қол алысты.
АҚШ конгрессінде РФ-ге қарсы жаңа санкциялар қабылданды
АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы Ресей, Иран және КХДР-ге қарсы санкциялар бойынша заң жобасын қабылдады.
Аталғандай, құжатқа 419 конгрессмен дауыс берген.
Құжатты қабылдау үшін палата мүшелерінің үштен бірі дауыс беруі керек (палатада 435 мүше бар). Дауыс беру нәтижесі көрсеткендей, егер президент құжатқа қол қоюдан бас тартса палата оның ветосын оңай айналып өтеді.
Жаңа санкиялар қабылданатын болса 2014 жылдан бергі ең ауқымды әрі кешенді әрекеттердің бірі болады.
АҚШ-та Трамптың сөзі барысында ер адам КСРО желеуін көтерді
Янгстаун қаласындағы американдық жетекшінің алғашқы сөзінде, қызыл футболкадағы белгісіз біреу «Трамп пен Пенс кетуі керек» деген плакат көтерген. Еркекті күзетшілер алып кетті.
Дәл осы уақытта американдық телеарналар тікелей көрсетілім жүргізіп жатты. Кадрда байқалғандай Трамп пікірсіз қалмаған.
- Сайтан алғыр, бұл қайдан шықты? - деп таң қалады АҚШ президенті.
Біраз уақыттан кейін трибунаға шыққан еркек КСРО туын желбіретті. Тәртіп бұзушыны күзетшілер бірден бұғаттап, алып кетті.
- Мынау жас екен. Анасына баруы керек – әлі ақ істі болады. Бәс тігемін, анасы бізге дауыс берген болар, - деді Трамп.
Следующая →