Жаңа трамвайлар сатып алынады
Tatra моделіндегі вагондарды сатып алу туралы келісімшарт қол қоюға дайын. Енді қыркүйек айындағы инвестициялауды күту керек
Облыс орталығы көптен күткен жаңа трамвайлар ағымдағы жылы сатып алынады.
- Бүгінгі таңда тасымалдаушы неміс компаниясымен келіссөз жүргізілді. Енді трамвай паркін инвестициялау сұрағы көтерілуде, - дейді «Өскемен трамвай паркі» ЖШС бас директоры Анатолий Успенский. - Меніңше, қыркүйек айында 1-ші модельдегі 17 вагонды сатып алуға қаржы бөлінеді. Мұнымен қоса өзіміздің 17 вагонды қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз. Өскеменде рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету үшін желіде 25 вагон жұмыс істеуі керек.
Қазір облыс орталығында созылған рельс бойымен 11 вагон қозғалуда.