Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

14 шілдеге арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live ақпараттық порталы әлемде болып жатқан басты маңызды жаңалықтарды ұсынуды жөн көріп отыр

Террористер енді Сирияға кіре алмайды – АҚШ

АҚШ президентінің ресми өкілі Бретт Макгерк осыдан бастап Сириядағы ислам қозғалысы террористік ұйымына өзге мемлекеттен келіп адамдар қосыла алмайтындығын айтты.

- Сириядағы террористік топтың қатарына енгісі келген шетелдік азаматтар ендігі уақытта Сирия шекарасына кіре алмайды, - деді Макгерк.


ЕО Беловеж орманында ағаш кескені үшін Польшаны сотқа беріп отыр

Еуропалық комиссия Польшадан дер кезінде Беловеж орманындағы ағаштарды отауды тоқтатуды талап етті.

ЮНЕСКО және ЕуроОдақ экологтары орманда қалған кәрі ағаштарды отаудың қажет емес екендігін, орманның экожүйесі өз-өзін толықтай реттей алатындығын айтып отыр. Кәрі ағаштарды кесудің өзі жан-жануарлар дүниесіне әсер етеді деп отыр.

Егер Еуропалық сот Польшаны кінәлі деп тапса, онда айыппұлдардың астында қалады.


Германия СІМ Лавровпен болатын кездесуді кейінге шегерді

Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Ресейдің сыртқы істер жөніндегі министрі С.Лавровпен өтетін кездесуді кейінге қалдырды.

Саяси ведомство Габриэлдің қатты ауырып қалғанын жеткізген, соған байланысты кездесуді кейінге қалдырған.

Соған қарамастан Габриэль бүгін таңертең Парижде өткен Франция мен Германияның министрлік кеңесі жиналасына қатысқан.


Трамп Макронның жұбайын мақтады

АҚШ президенті Д.Трамп Парижге сапары барысында елдің жас президенті Макронның жұбайын Брижит Макронды мақтап, оның сымбатына тәнті болды.

Facebook желісінде жарияланған бейнежазбада екі елдің президенттері әйелдерімен бірге кездесіп, бірге сөйлесіп тұрғаны көрсетілген.

- Сіз сымбатыңызды сақтай алыпсыз, - деді Трамп 64 жасар Брижит Макронға.


Новель сыйлығының иегері Лю Сяобо қайтыс болды

Қытайдың құқық қорғаушы диссиденті, Новель сыйлығының иегері Лю Сяобо 61 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Лю Сяобо өкпе рагымен ауырған. Алайда оны емдеуге тым кеш болған. Шэньяндағы Қытай медициналық университетінің ауруханасы ардагерді қабылдаудан баст тартқан. Ол 13 шілде күні қайтыс болды.

Айта кетейік, жазушы әрі құқық қорғаушы қатерлі ісік дертіне шалдыққаны 2009 жылы блегілі болған. Алайда қытай үкіметі оны мемлекетке қарсы арандатушылық әрекет жасады деп айыптап, 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. 

Следующая →