Сауд Арабиясы терроризмді қолдады деп айыпталып отыр
АҚШ Сенат Конгресінің шетел істері жөніндегі комитет өкілі Боб Коркер Катар еліне қарағанда Сауд Арабиясының терроризмді көбірек қолдап отырғанын айтады
Бұл жайында "Аль-Джазира" телеарнасы хабарлап отыр.
- Терроризді қолдау жағынан Катарға қарағанда Сауд Арабиясы асып түседі, - деп атап өтті Коркер.
Коркер Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Катар еліне қарсы ұйымдастырып отырған әрекеттерінің қате екендігін айтады.
- Менің ойымша, бұл Сауд Арабиясы королдігінің жаңа жас мұрагерінің қателігі деп ойлаймын, - деп мәлімдеді Коркер.
Сонымен қатар, Коркер шетел істері жөніндегі комитет шілде айының соңына дейін Парсы түбегіне тасымалданып жатқан қару-жарақ партиясын тоқтататындығын айтты.
Бұған дейін 5 маусым күні бірнеше араб мемлекеттері Катарға қарсы бірігіп, оны терроризмді қаржыландыруда деп айыптаған болатын. Бахрейн, БӘА, Сауд Арабиясы, Египет, Йемен, Ливия, Мальдив Республикасы, Маврикия Республикасы Катармен арадағы байланысты үзген еді.
Следующая →
Тақырыптар:
Сенат США Обвинения Саудовской Аравии в поддержке терроризма Борьба с терроризмом в мире