Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

13 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Везувий жыраларының үстінде қалың түтін қабаты тұр

Жырадағы орманның өртенгеніне бірнеше күн болды. Итальян БАҚ өкілдері хабарлағандай, оқиға маңайындағы жергілікті тұрғындар мен туристер көшірілген.

Тілсіз жаумен өртсөндірушілер күресуде. Оларға Везувий Ұлттық саябағы мен орман шаруашылығы қызметкерлері көмектесуде. Операцияға ұшақтар мен тікұшақтар да қосылған.

Бұл Неаполь төңірегіндегі жалғыз өрт емес. Өңірдегі өртену ошақтары бірнеше. Барлығына кінәлі – қатты ыстық пен құрғақшылық.

Везувий – Еуропаның континенталды бөлігіндегі жалғыз тірі жанартау. Ол қауіпті саналады. Біздің дәуіріміз басталатын сәтте римдік Помпей қаласын құртқан осы жанартау. Таудың биіктігі – 1281 метр. Соңғы рет Везувий 1944 жылы лава атқылап, 60 адам қайтыс болған.

Бразилияның бұрынғы президенті Лулу да Силва сыбайлас жемқорлыққа байланысты қамалды

Бразилияның экс-президенті Луис Инасиу Лула да Силва тоғыз жарым жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды бразилиялық «Глобу» телерадиокомпаниясы.

Оның ақпаратынша, бұрынғы президентті «пассивті сыбайлас жемқорлық пен ақша айналдыру» фактілері бойынша кінәлі деп тауып Куритиба қалалық федералды сотының соты Сержиу Мору үкім шығарған.

Телерадиокомпанияның айтуынша, алғашқы рет ел тарихында Бразилия экс-президентін сыбайлас жемқорлыққа айыптап түрмеге қамап отыр.

Алпауыт айсберг Антарктидадан бөлінді

Салмағы триллион тонна болатын айсберг Антарктидадағы шельефті Ларсен С мұздығынан бөлініп шықты, бұл туралы сәрсенбі күні батыс БАҚ өкілдері британ мамандарына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Болжам бойынша, бұл айсберг А 68 деген атау алады. Ол ғалымдармен тіркелеген ең алпауыт «ондықтың» ішіне кіріп отыр. Мұнымен қоса ол 2000 жылы шельефті Росса мұздығынан бөлінген В-15 мұзынан екі есе кішкентай. Уақыт өте келе ол ұсақталатын болады, - дейді британ Университетінің гляциология профессоры Суонси Адриан Лакман.

Хабарландыруда, А68 ұзақ жылдар бойы жарылып шыққан ауданда қалатыны жазылған. Мұндай жағдайда оның салмағы ұзақ уақыт бойы бірқалыпты сақталады.

Өзге сценарий бойынша, айсберг жылы ағыстарға түсіп, еру үрдісі біршама жылдамдап кетеді.

БАҚ ИШИМ жауынгерінің жалақысы туралы жариялады

Sputnik Arabic ресурсы Мосулдың батыс бөлігінде Ирактың Федералды полициясы анықтаған құжатқа қол жеткізді. Құжатта ИШИМ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жауынгерлерінің қанша жалақы алатыны туралы жазылған.

БАҚ деректері бойынша, құжатта көрсетілгенде Қазақстанда тыйым салынған ИШИМ ұйымы исламистерінің жалақысы жанұялық жағдайына, бала мен бала санына байланысты болған. Ең төмен жалақыны бойдақтар алады – 72 доллар шамасында. Құжатта сол сияқты әйелі мен үш баласы бар жауынгердің 184 доллар алғаны, ал өзге исламистің әйелі мен алты баласы бола тұрып 256 доллар алғаны баяндалады. БАҚ атап өткендей, ИШИМ жауынгерлерінің жалақысы 300 доллардан аспайды. Террористік ұйымда экономикалық мәселелер туындағанға дейін, исламистердің жетекшілері айына 500 доллардан алып келген.

Шри-Ланка ӘТК ашық теңізге түсіп кеткен пілді құтқарды

Шри-Ланканың әскери-теңіз күштері Үнді теңізі суынан пілді «аулаған». Жануар жағадан сегіз шақырым жердегі ашық теңізден анықталған, деп хабарлайды Life.

Алып сүтқоректіні алып шығу оңай жұмыстардың бірі болмаған. Ең алдымен сүңгуірлер батып бара жатқан жануарға келіп, жіппен байлаған, осыдан кейін ол біртіндеп таяз жерге шығарылып, босатылған. Құтқару операциясы жабайы табиғат әлемін қорғаушылармен бірлесе отырып, 12 сағат бойы жүрген.

Следующая →