29 маусымға арналған әлемнің таңғы жаңалықтары
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
АҚШ Украинаға көмір экспортын бастайды
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Украинаға көмір экспортының басталатыны туралы жариялады. Бұл туралы Blumberg агенттігі бұл жағдайға құлағдар ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Хабарланғандай, Трамп сыртқы американдық энергетикалық жетекшілікті нығайтпақ. Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер АҚШ-тың мұндай энергетикалық басымдылығы ретінде сұйылтылған табиғи газ тасымалын атады. Оның айтуынша, бұл сұрақтың экономикалық та, саяси да аспектілері бар.
Өз кезегінде Украина президенті Петр Порошенко Украинаның американдық Пенсильвания штатынан екі миллион тонна көмір сатып алатынын мәлімдеді.
Естеріңізге саламыз, 2016 жылы Украина Ресей мен ОАР-дан антрацит алған болатын. Ресейде 566,7 мың тонна көмір 45,8 миллион долларға, ОАР-да 366,6 мың тонна 22,9 миллион долларға сатып алынды.
Ватикан қазынасышы педофил деп айыпталды
Ватикан кардиналы мен қазынашысы Джордж Пеллуді Австралия билігі сәбилерді аздырды деп айыптады. Полиция Мельбурнде Пеллдің ресми өкілдеріне айыпты берді және оны сотқа тапсырды, деп хабарлайды Life.
76 жасар кардинал әділ сот алдында 18 шілде күні тұруы керек.
Кардинал тағылған айыппен келіспейді, бірақ тергеуге толыққанды ынтымақтасуға дайын екенін айтты. Ісі бойынша алғашқы көрсетілімді Пелл былтыр берген. Алайда өзінің денсаулық жағдайына байланысты Римнен Австралияға барудан бас тартқан.
Пелл Австралияда 2001-2014 жылдар аралығында тұрып, кейін Ватиканға көшіп кеткен.
Естеріңізге саламыз, 2015 жылы режиссер Томас Маккарти «Орталық назарда» атты фильм түсіріп, дін қызметкерлерінің педофильдік әрекеттері турасында баяндаған. Журналистік драма жанрында түсірілген картина «Үздік фильм» номинациясында «Оскар» алды. Тергеу-фильмі католиктік шіркеудің өзінде атақ-беделдің төмендеп бара жатқаны, қылмыстан әлдеқайда маңызды екенін көрсеткен.
АҚШ университетінде жарылыс орын алды
Кентукки штатындағы университетінде жарылыс орын алды. Оқиға орнына төтенше қызметкерлер келді.
Оқиға Murray State University университеті мекемелерінің біріндегі Richmond залында орын алды. Білім ордасының әкімшілігі Твиттер арқылы оқиға орнына жақындамауды өтінуде.
Зардап шеккендер туралы дерек жоқ, ТЖ салдары анықталуда.
Бразилияда белгісіз біреулер президент резиденциясына еніп кетпек болған
Сәрсенбі күні кешке белгісіз біреулер тобы автокөлікпен Бразилия президенті Мишел Темердың резиденциясына өтіп кетпек болған, деп хабарлайды РИА Новости.
Порталдың хабарлауынша, машина Алворада сарайының қақпасын бұзып өтпек болған. Жерде лақтырылған патрондар анықталған. Полиция бір адамның ұсталғаны туралы хабарлайды.
Қазіргі уақыттар Алворада сарайының өңірі полициямен қоршауға алынған. Темер болса шабуыл барысында резиденцияда болмаған.
Тайванда мәңгі жас отбасы табылды
жанұя мүшелері ешқашан қартаймайтын, тіпті өз жастарынан екі есеге жас көрінетін Тайвандық отбасы жас сақталудың сырын ашты, деп хабарлайды Рамблер Жаңалықтары.
Бұған дейін ғаламторда Тайвандық интерьерлер дизайнері Люр Хьюдың атағы шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары 41 жастағы адамның қаншалықты жас көрінетініне таң қалған. Суреттеріне қарасаң әйел адам 17 жастан аспағанға ұқсайды.
Анықталғандай, Хью отбасындағы әйелдер өз жастарынан екі есеге жас көрінеді. Оның екі сіңілісі 36 және 46 жаста. Аналары 63 жаста болса да, 30 жастағы әйелдей көрінеді.
Тайванда бұл отбасы «қатырылған ғасырлар отбасы» атанып кеткен.
Олардың айтуынша, жас көрінудің сыры өте қарапайым. Қыздар ашығын айтып өткендей, олар күн сайын өте көп су ішіп, көкөністер жейді. Мұнымен қоса олар күнделікті рациондарынан сусындарды алып тастаған.