Астана қаласы бойынша ҰБТ-ның қорытындысы шықты
2016-2017 оқу жылын бітірген 4978 түлектердің 4526 оқушысы ҰБТ тапсыруға өтініш берген
ҰБТ тапсырудан 210 оқушы бас тартқан. Ең жоғарғы балды Алтынай Әмірхан алған, 137 бал жинаған. Бұл жайында ҚР Білім және ғылыми министрлігі сайты хабарлап отыр. 135 балл жинаған 4 оқушы бар. Олар - Юлия Лапенко (№6 мектеп-гимназиясы), Фариза Оразбекова (№50 мектеп лицейі), Тоғжан Оразаева (№65 мектеп-гимназиясы) және Тұрсынай Абельдинова (№4 мектеп-гимназиясы).
1171 оқушы 100-ден жоғары балл алып отыр. Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсырушылардың орташа – 84,65 баллды құрайды.
Биыл ҰБТ жаңа форматта өткенін айтып кеткен жөн. Егер осыдан алдын тестілеу аттестат алып, жоғары оқу орнына түсу жолдамаса ретінде қаралса, қазір ондай бағалау жүйесі қарастырылмайды.
Осы жолы оқушылар мектепте қорытында аттестациядан өтіп, ҰБТға өз еркімен өтініштерін берген болатын. Бұл өз кезегінде оларға отандық оқу орнына түсіп, грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін болады.
213 «Алтын белгі» иегерлерінің 142 түлегі ҰБТ-ға қатысты. Қалған оқушылары – жоғары оқу орындарының грант иегерлері.