22 маусымға арналған әлемдік жаңалықтардың реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Трамп: АҚШ «коммунизм зомбылығымен» күресетін болады
Айова штатындағы жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде, - Америка коммунизм зомбылығына қарсы күресетін болады, - деді ол.
Американдық жетекші бұл сөзін Кубамен байланыстыра айтты. АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі Барак Обаманың басшылығымен қолға алынған Вашингтон мен Гавананың жылы қатынасын ол «толыққанды біржақты» ымыра деп бағалады.
Оның айтуынша «Кубамен ымыраға келу фактісі – жаман». Ол бұдан «әлдеқайда керемет келісімге» келуге уәде берді.
Трамп өзінің ізашарын осылайша тағы сынады.
Бұл керемет: Обама түрмелерінде мыңдаған адамдар отырған Кубамен, Иранмен келісімге келді. Осыдан кейін Трамптың жаман адам екенін айтады. Бұл ғаламат, - дейді ол.
Британия премьері Лондондағы өртке байланысты әрекеті үшін кешірім сұрады
Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй Лондондағы Grenfell Tower зәуліміндегі өрттен зардап шеккендерге үкіметтің «айтарлықтай жақсы» қолдау көрсете алмағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды The Associared Press.
Қайғылы оқиға орын алған алғашқы сәттері қолдау айтарлықтай жақсы болмады. Адамдар мүліксіз, баспанасыз қалып, тіпті болған оқиға жайында нақты ақпарат ала алмағандықтан, не істеу керегін, қайдан көмек күту керегін білмеді... Премьер-министр ретінде бұл сәтссіздікке кешірім сұраймын, - деді Мэй парламентте сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге саламыз, 14 маусымға қараған түні Лондондағы Grenfell Tower тұрғын үйінде өрт шығып, 79 адам құрбан болған.
Макрон: Трамп саясаты – алаңдаушылық көзі
Франция президенті Эммануэль Макрон еуропалық газеттердің бірқатарында берген сұхбаттарында американдық жетекші Дональд Трамптың сырткы саяси концепциясын әлі құрмағанын айтып өтті.
Ол өзінің сыртқы саяси концептуалды аясын әлі құрған жоқ, мәселе осыда. Сондықтан оның саясатын болжау қиын болғандықтан әлем үшін алаңдаушылықтың басты көзі болып отыр, - дейді француз президенті.
Трамптың негізгі мақсаты ретінде терроризммен күресті алып отырғанын Макрон мойындайды.
Терроризммен күреске келетін болсақ, ол мен сияқты барынша нәтижелі болғысы келеді. Әсіресе климатқа келгенде оның бірқатар шешімдерін бөліп жармаймын. Бірақ, АҚШ Париж келісіміне қайта қосылатындай жұмыс атқарамыз деп сенеміз. Дональд Трампқа қолымды созамын. Пікірін өзгерткенін қалаймын, себебі барлығы бір-бірімен байланысқан. Ол терроризммен нәтижелі күресті қалай отырып, климат сұрағында міндеттерден жалтара алмайды, - дейді Франция президенті.
Сирия армиясы Дамаск төңірегіндегі жауды қуды
Сирияның үкіметтік әскері авиация және артиллерия қолдауымен террористердің қолынан Дамаск қаласының оңтүстік-шығыс өңіріндегі бес аймағын азат етті.
Сирия армиясы Бир Кесеб, Хурбет Касеб, Тулюль ар-Раваби, Сарихи и Иринб аймақтарын қайтадан өзіне қаратты. Әскери қақтығыс барысында террористер біршама шығын көрген, олардың атыс нүктелері жойылды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Шегіне отырып, террористер көптеген қару жарақтарын қалдырып кеткен.
Бундестаг Түкиядан әскердің кететінін растады
Германия парламенті түркиялық Инджирлік әуебазаснынан бундесвера әскерін шығаруға рұқсат етті. «Үлкен коалиция» партиясымен енгізілген ұсынысты 569 парламентарийдің 461-і қолдау көрсетті.
Бұл әскердің кету себебі Түркия үкіметінің Инджирлікке неміс депутаттарының баруына тыйым салғандықтан болған. Себептің астары тек бұда емес. Мысалы Бундестаг осыған дейін 1915 жылғы Осман империясындағы жағдайлар армян халқының геноциді деп мойындалған резолюция қабылдады.
Келесі себептердің бірі, сәтсіздікке ұшыраған төңкерісткен кейін елден қашқан түрік әскерилеріне Берлиннің саяси пана ұсынуы болды.
Инджирлик әуебазасына 2016 жылдың басынан бастап 270 неміс әскери қызметкері, алты барлаушы Торнадо ұшақтары, арнайы оптикамен жабдықталған Airbus A310 MRTT жанармай құюшы ұшағы орналастырылған.