Чилидедегі студенттік марш былығында 50 адам ұсталды
Чили астанасындағы студенттердің қарсылық акциясы сәрсенбі күні полициямен қақтығысқа айналды. ЭФЭ агенттігі хабарлағандай, 50 адам ұсталып, кейбірінен жанғыш заты бар бөтелкелер тәркіленген
Бүлік марш бастала салысымен оған 10 мыңға жуық адам қатысқан. Бетперде киген қарсыласушы топ жоспарланған жолдан бұрылып, қаланың орталық даңғылын толық бітеп тастау үшін дуалдарды төңкеріп тастамақ болған. Оларды қуалау үшін полиция су атқыштар мен жас шығаратын газдарды пайдаланған. Манифестанттар бұған жауап ретінде тәртіп сақшыларына түлі заттар лақтыра бастаған.
Ағымдағы жыл басынан бері өткен бұл үшінші марш. Қарсыласушылар балық чилиліктерге жоғары оқу орындарында тегін оқуға жол ашып, білім беру жүйесінде кең реформа өткізуді талап еткен. Мұндай акциялар Чилидің өзге қалаларында да өткен.
2015 жылдың желтоқсанында Чили парламенті студенттердің бір талабын орындап, ұзақ талқылаудан кейін тегін жоғарғы білім туралы заң қабылдаған. Алайда студенттік ұйымдар тегін білімге көптеген оқушылардың қол жеткізбегенін айтады.