5 маусымға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Лондонда терактіге қатысы бас деген күдікпен 12 адам ұсталды
Өткен түнде жасалған шабуылдан кейін британдық астанада полиция ауқымды арнайы операция жүргізді. Қазір 12 адамның ұсталғаны туралы белгілі.
Ұстау жұмыстары Лондонның шығысындағы Баркинг ауданында өтті, деп хабарлайды Sky News арнасы.
Ұсталғандардың кім екені айтылмады. Алайда Reuters деректері бойынша олардың ішінде никаб киінген ьөрт әйел бар.
3 маусым күні түнде Лондон көпірінде жүк көлігі бар жылдамдықта адамдарды қаға бастаған. Олардың ішінен үш адам пышақпен шығып адамдарға шабуыл жасаған. Дәл сол уақытта базарға жақын маңайда ер адам да пышақпен шабуыл бастаған. Жеті адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Полиция лаңкестердің көзін жойды.
Туриндегі кептелісті өзін жанкешті деп көрсеткен жасөспірім арандатқан
Туриндегі «Ювентус» пен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының қорытынды ойыны барысында Сан-Карло алаңындағы фан-алаңшықтағы кептеліс екі жасөспірімнің арандатуынан орын алды. Нәтижесінде 1527 адам зардап шекті.
Екі жасөспірім өздерін жанкешті-лаңкес ретінде көрсеткен. Сыртқы бақылау камераларының бейнесі көрсеткендей, құр шалбар мен сөмкесі бар жігіттердің бірі айналасындағыларға бірдеңе деп айқайлаған. Осыдан кейін адамдар бірден жаң-жаққа қаша бастаған, деп хабарлайды Football Italia.
Полициямен жауап алған кезде жастар кінәларын мойындаған. БАҚ деректеріне сүйенетін болсақ, Туриндегі кептелістен кейін 8 адам ауыр халде жатыр. Зардап шегушілер арасында 7 жасар бала бар.
КХДР ядролық қару жасау үрдісін жылдамдатты – Пентагон
Пентагон басшысы Джеймс Мэттис Сингапурде өткен қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция барысында Солтүстік Кореяның ядролық қару жасау үрдісін жылдамдатқанын айтты. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.
Мекеме басшысының айтуынша, Вашингтон мұны «анық және сезілетін әскери қауіп» деп атайды. АҚШ-тың «ескертусіз» КХДР-ға шабуыл жасауы мүмкін бе, деген сұраққа жауап бере отырып Мэттис Вашингтонның Пхеньянмен шиеленісін «тоқтатқысы келетінін» жеткізді.
Бұл бізге тығыз уақытта қажет сияқты, - деді Пентагон басшысы.
Мұнымен қоса, ол Құрама Штаттардың бұл жағдайда «дипломатты жұмыс істеп жатқанын» түсіндірді.
Біз ядролық қарулану жұмысының алдын алу үшін барлық мүмкін деген әрекеттерге барамыз, - деді Мэттис.
Польша ІІМ басшысы шекараны мұсылман-босқындардан жабу туралы ұсыныс айтты
Польша ІІМ басшысы Мариуш Блащак Батыс Еуропадағы терактілер қарапайым жағдайлар емес, бақылаусыз босқындықтың заңды салдары деп мәлімдеді.
Польша Ішкі істер министрі 4 маусым күні сөйлеген сөзінде: Польша Еуроодақпен ұсынылған босқындарды көшіру бағдарламасына қатыспауы керек екенін айтты.
Оның айтуынша Батыс Еропа төңірегінде орын алып жатқан терактілер «мультикультуризм идеологиясын қабылдау» салдары. Бұл терактілерді тоқтату үшін, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерріндегі босқын-мұсылмандардың ағысын тоқтату керек.
Ол сонымен қатар мультикультурализм идеологиясы мен саяси түзетудің ағысындағы жағдайлар «Еуропа өркениетінің тамырынан алыстау, яғни – христиандықтан» болып табылатынын айтып өтті.
Оның айтуынша Польша Еуропа тамырынан алыстамайды және босқындарды орналастыру бағдарламасына қатыспайды:
Еурокеңестің ұсынысымен Польшада бұрынғы үкімет қабылдаған жағдайларға енді жол берілмейтінін тура айта аламын. Себебі бұл Польша төңірегіне лаңкестік әрекеттермен кесірін тигізеді.
Блащак Еуроодаққа босқындарға қатысты саясатты өзгертсін, әсіресе Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс босқын-мұсылмандарына қатысты екенін айтады.
Американдық ғалымдар кеуде қатерлі ісігінің ең қатерлі түрін жеңе алғандарын айтты
Хабарланғандай, қатерлі ісіктің бұл түрін жеңу үшін иммунитетті ісік клеткаларына арандататын антиденелерді қолданылған. Ғалымдар мұндай дәрілердің ең алғашқы түрі пембролизумабоммен жұмыс істеген. Бұл дәрі кеуде қатерлі ісігімен, меланомо, лимфома сияқты ісіктің өзге де түрлерімен күресу үшін шығарылған. Бұл антиденелер ісікке емес, иммунды клеткаларға әсер етеді – сыртқы қабатындағы ерекше ақуыздардың жұмысын шектейді.
Дәрі барлығына бірдей әсер еткен жоқ, кей әйелдерге ғана ықпалы жүрді. Бірақ жағдайлардың барлығында қатерлі ісікті басу жұмысымен жақсы айналысты және оның әрекеті ұзақ уақытқа дейін қалыпты сақталды, - деді дәрігер Сильвия Адамс.
Аталғандай, иммунды терапия қатерлі әсер тудырмайды және химиотерапияға қарағандай өмірді айтарлықтай ұзартады.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Теракт в Лондоне Давка в Турине Ракеты КНДР Конфликт Северной Кореи и США Министерство иностранных дел Польши