Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО әкімі Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Биыл Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 25 жыл

Облыстық драма театр сахнасында өткен салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран жанды оркестрде орындалды.

- Мемлекеттік рәміздер – еліміздің ең киелі де қасиетті құндылықтары. Рәміздер - ұлы далада мемлекет құра білген қазақ халқының арман-мақсатының шынайы айғағы, асқақ рух, азаттық, қаһармандық пен даналықтың қастерлі нышаны. Мәңгілік ел жолында ұлы мұраттарға бастайтын айбынды ұраны, - деп атап өтті Даниал Кенжетайұлы.

Сонымен қатар, облыс басшысы еліміздің барлық ірі жетістіктері мемлекеттік рәміздермен байланысты екенін айтты.

- Осыдан 23 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев мемлекеттік байрағымызды ғарыш айлағына бекіте отырып, жер жұртшылығына тіл қатты. Ал 1995 жылы Елбасының бастамасымен Абайдың 150 жылдығына арналып мемлекеттік ту Іле Алатауының шыңындағы тұғырға қойылды. Қазақстан байрағы әлем жарыстарында бес мың рет көтеріліп, елдің мерейін үстем етті. Облысымыздың Ольга Рыпакова, Денис Ұланов, Айбек Нұғымаров, Денис Полторанин, Галина Вишневская сияқты спортшылары әлемдік сайыстарда сан мәрте туымызды желбіретіп, айбынымызды асқақтатты, - деді Даниал Ахметов.

Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнер көрсеткендердің арасында Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты әнші Әсел Қыдырханова, ҚР мәдениет қайраткері Вячеслав Ткач, халықаралық байқаулардың лауреаты, Ғафиз Есімов атындағы байқаудың гран-при жүлдегері Андрей Медведев, Ә. Қашаубаев атындағы филармонияның солисі Мапруза Өтеленова тәрізді танымал тұлғалар бар.


Сымбат Исламбек

Следующая →