АҚШ мен Оңтүстік Корея Олимпиада ойындары кезінде оқу-жаттығу шараларын өткізбейді
АҚШ Президенті Д.Трамп пен Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындары кезінде оқу-жаттығу шараларын өткізбеуге келісті
2017 жылдың желтоқсан айында Мун Чже Ин шекара маңында өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарының тоқтатылуы не тоқтатылмауы Солтүстік Кореяның іс-әрекетіне байланысты деп хабарлаған болатын.
Өз кезегінде Солтүстік Корея екі елдің шекара аумағында ұйымдастырылып жатқан оқу-жаттығу жиыны соғысқа арандатудың амалы деп айыптаған еді.
Дегенмен, кейін Солтүстік Корея Қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларын жіберетіндігін әрі бұл уақыт арасында бейбітшілік қатынаста болатындығын мәлімдеді. Соған орай, Оңтүстік Корея да оқу-жаттығу шараларын тоқтата тұрмақ.
Ал Олимпиада 9 қаңтар мен 25 ақпан аралығында өтпек.