Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тілсіз жау - от па, газ ба?

2017 жылы пешті пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан 230-дан астам өрт оқиғасы тіркелген. Бұл жыл көлемінде орын алған өрт оқиғаларының 18 пайызы

2017 жылы пешті пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан 230-дан астам өрт оқиғасы тіркелген. Бұл жыл көлемінде орын алған өрт оқиғаларының 18 пайызы.

Қысы-жазы ереуіл атқа мініп, ел қауіпсіздігін бақылайтын төтенше жағдай қызметкерлерінің тынымы жоқ. Жаз десе түздің, қыс десе үйдің өртін аңдитын мамандарда маза жоқ. Үй өрті демекші, биылғы қыс кезеңінде әр апта сайын тұрғындардың панасы жиі тұтанатын болды. Мұнымен қоса, иіс газына уланғандар көрсеткіші де оңып тұрған жоқ.

Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, өрт оқиғалары азаматтардың абайсыздығы мен жауапкершілік деңгейінің төмендігінен орын алады. Адамдар жылыту кезеңінде түтін жолдарын тазартпайды. Пеш тұрғызғанда оның қабырғадан, өзге де жанғыш материалдардан арақашықтығын сақтамайды.

- Пешті дұрыс жылытпаған жағдайда өрт немесе иіс газына уланып қалуыңыз мүмкін, - дейді ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Александр Ломыгин.

Ғылым бойынша мұндай газдардың бірнеше атауы бар – иіс газы, көміртек монооксиді немесе көміртек тотығы. Біздің және халық тілінде «тілсіз жау» деп аталады. Оның не түсі, дәмі, иісі де жоқ, тіпті, ешқандай әсер тудырмайды. Оны көзбен көру мүмкін емес. Құрбандар оның бар екенін де сезбей қалады. Мұнымен қоса, газ өзінің улайтын қасиетін жоғалтпай, ауада тез тарайды.

- Иіс газы - адамдар үшін ең күшті «у» десек болады, - дейді Александр Ломыгин. - Тыныс алу кезінде ол ағзаға тарап, өкпеден қан айналым жүйесіне сіңеді. У қанға сіңген соң, гемоглобинмен байланысады. Нәтижесінде қан адам тініне оттегі жеткізу қабілетінен айырыла бастайды. Ең алдымен адам миы зақымданып, егер улану тоқтамаса, өзге органдар да қатты зақым алады.

Улану белгілері адамның жалпы денсаулық жайына байланысты келеді. Негізгі белгілері: бас айналуы, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, құлағы шыңылдауы, ауа жетпей жөтелу, көзден жас ағу. Тіпті, адам тепе-теңідігінен айырылып, қозғалыс үйлесімі бұзылуы ықтимал. Құлағы естімей, көзі көрмей кетеді де, адам есінен танады. Уланудың орта және ауыр деңгейінде жүрек-қан тамырлары жүйесі бұзылады. Дене температурасы төмендейді. Мұндай жағдайда бірден жедел жәрдем шақыру керек.

- От жағу барысында пешті қараусыз қалдыруға болмайды, - дейді Александр Ломыгин. - Ең маңызды факторлардың бірі отын сапасына зор мән берген жөн. Сонымен қатар, тез тұтанатын заттарды пештен аулақ ұстаған абзал. Кейбір тұрғындар ағаштарды, киімдерін кептіру үшін пештің жанын толтырып тастайды. Иіс газының шығуына жол бермеу үшін пеш құрылысы мен оның тазалану мерзіміне үлкен мән берген дұрыс. Негізгі талап бойынша, түтін жолдары үш айда бір рет тазаланып тұруы керек.

Қазіргі таңда түтін жолдарын тазалайтын арнайы аппараттар бар. Соңғы жылдары пеш құрылысын мұнтаздай етіп тазалап беретін қызмет түрі жоқ емес. Бірақ пеш тазалығымен бірге оның құрылысы да маңызды рөл атқаратынын ескерген абзал. Бұл тұрғыда біз құрылысшылардың пікірімен бөліскенді жөн көрдік.

- Пеш құрылысы үй қауіпсіздігінің маңызды да, жауапты бөлігі, - дейді қала құрылысшыларының бірі Нұрсұлтан Быкенов. - Қазіргі таңда адамдар пешті өздері салмайды. Ел арасында оны тұрғызудың жолдарын білетін адамдар бар. Негізінен тұрғындар солардың қызметіне жүгінеді. Бұл ретте үйдің ауқымдылығын ескерген жөн. Кейбір жер үй тұрғындары үйдің алыптығына қарамастан қарапайым пеш орнатады. Құрылысшы ретінде пікірімді айтсам, кезкелген үйге бумен жылытатын батарея орнатқанға қаржы аямаған дұрыс. Мұның да көптеген нұсқалары бар, біреулер пеш пен батареяны қоса орнатады. Бұл да жаман емес. Тек пешті тазалауға арналған қақпақтарды орнымен қойса болғаны.

Аталмыш қауіп туралы баяндай келе, ТЖД қызметкерлері Жаңа жыл кезінде өрт оқиғаларының жиі болатынын тағы бір қайталап айтады. Төрт қабырғасы тең пәтерден көрі, адамдар жер үйде өздерін әлдеқайда еркін ұстайды. Сондықтан, мереке күндері адамдар әлдеқайда ұқыпты болуы керек. Бір мысалмен айтар болсақ, 2017 жылғы Жаңа жыл кешінде отпен абайсыздық салдарынан 888 өрт оқиғасы тіркелген. Мұның өзі ойландырарлық сан...

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Өрт Улану