Ыстық күнде ыстық душ қабылдауға бола ма?
Сомнолог дәрігер жазда ыстық ауа райынан қалай аман қалу туралы пайдалы кеңестермен бөлісті
Ұйқы жөніндегі маман София Черкасова дене сыртта қызған кезде ішкі температура нормадан жоғары көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты News.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Бірақ егер сіз ыстық душ қабылдасаңыз, онда дене терморегуляция механизмдерін белсендіреді және дене температурасы біртіндеп төмендей бастайды.
Дәрігер ұйықтар алдында ыстық душ қабылдаған дұрыс дейді, өйткені ол жайлы демалуға көмектеседі.
Сондай-ақ, София Черкасова ұйқыдан бірнеше сағат бұрын бөлмені желдетуге кеңес береді және жазда төсекжабдықтарын табиғи материалдармен қаптаған дұрыс дейді.